ВЕРНУТЬСЯ

    Жар бойында - жалғыз емен 
Жолаушының көзін
тартып,
Жапырағы ескен
желмен
Әлде нендей сыр
ағытып,
Судырлайды бір
тынбастан.
Үйіріліп асау өзен
Тыңдайды емен хикаясын.
Жауып күміс
көбігімен
Найзадай тік жар
жағасын,
Толқындары қарғып
тастан.
Жеткенде емен деңгейіне,
Озып кетпе,
бөркіңді ал,
Тәжім етіп, иіліп
жерге,
Құлпы тасқа
көзіңді сал:
Жатыр онда жас
арыстан!
Оққа төсеп көкірегін,
Іздеп туған ел намысын.
Қасиетті қорғап
жерін,
Жыртып сансыз жау
жағасын,
Қан майданда қаза
тапқан.
Жар бойында - жалғыз емен
Жолаушының көзін
тартып,
Жапырағы ескен
желмен
Әлде нендей сыр
ағытып,
Судырлайды бір
тынбастан.
Аз бөгеліп тыңда сен де,
Жалғыз емен
хикаясын,
Қазаланған жат
өлкеде
Сүй батырдың құлпы
тасын,
Қалпағыңды алып
бастан!
Вена, 1945