ВЕРНУТЬСЯ

   Окопта хатыңды оқып күлімдедім, 
Әрқашан көз
алдымда түрің сенің.
Есімде
талмаусырап жатқан кезде
Жүзіме тұңғыш рет
үңілгенің.
Шабуыл дәл сол күнгі болды сәтсіз,
Жаралы қалып
қойдым ақбоз атсыз...
Қалың орман,
қараңғы түн ішінде
Қайдан келген
жаныма бейтаныс қыз?
Ұқпадым, түсініксіз еді сөзің,
Жат жан ба?
Шошынып та кеттім өзім.
Қарлығаш
қанатындай қыйғаш қастың
Астында
жарқыраған ойлы көзің.
Кірпіктен
меруерттей төгіп жасты,
Кіршіксіз
жүрегіңнің сырын ашты.
Сусын бердің...
Дей бердім тамсанып мен
Қарындасым, су ма
бұл, қандай тәтті?
Кетсеші сол тәтті
дәм таңдайымнан,
Жабырқап сүйдің
ыстық маңдаймнан...
Талмаусырап
жатырмын, оқтын-оқтын
Естіледі бір
нәзік балдайын ән...
Көз аштым, бет бейнеңді көрдім сенің,
Төсегімнің
басында тұрдың менің,
Жел қағып
күреңіткен жұқа бетте
Мөлдіреп
қарақаттай қара меңің.
Еске алып сүйіктімді қалған елде,
Сүйсініп қарай
бердім қара меңге:
Жас жаным махаббатқа шөліркеген
Нәр алды жанарыңнан сол бір кезде.
Ес жыйдым, енді өлім жоқ,
Бұл таң алды.
Тазартып үстімдегі қатқан қанды,
Шомылтып, жарамды да байлап өзің,
Ұсындың
мейіріммен қолда барды...
Байсалды мінезіңмен күле қарап,
Молдаван
жүзімінен қызыл далап,
Жаныңдай
жарқыраған таза ыдысқа
Толтыра
мөлдіретіп құйдың шарап.
Кемерін шың еткізіп тостағанның,
Жұттық біз
ләззаті бал шарабын.
Келешек
айқастарда алда тұрған
Жеңіспен
талқандауға жау қамалын.
Шарапты іше отырып таза, тәтті,
Сөз еттік, туысқандық махаббатты.
Тіл жетпеген
жерінде қолмен ымдап,
Кейде күліп, кей
кезде төктік жасты.
Жырладың молдаванның әсем жырын,
Солдаттық
жүрегімнің қағып қылын,
Қытымыр тар
кезеңде бастан өткен
Қозғадың
өміріңнің ащы сырын.
Жанымды жадыраттың назға бөлеп,
Рас, тек бар
айырмаң - тілің бөлек.
Шырқасаң
"Гәкку" менен "Сырымбетті"
Шүбәсіз сені
қазақ қызы дер ек.
Сыр тұрды, жалыны мол қара көзде;
"Тілек бір
болғаныменен тілім өзге,
Азаттықтың
алғашқы қарлығашы,
Молдаван қызын
жатқа санай көрме!..
Жасырып жау көзінен ұзақ бақтың,
Жарасын да жазыпсың ақбоз аттың...
Мәңгі есімде
сақталып қаларсың сен,
Шын таза бейнесіндей махаббаттың...
Азаттап астанаңды, бір түн қонып,
Шекараның маңында
жауды торып,
Отырмыз біз
ақырғы қорғаныста,
Таң ата
басталмақшы жаңа жорық.
Нәр берді, шала ұқсам
да хатың жанға,
Қарадым аулың жақтан
атқан таңға...
Қош, сау бол,
молдавандық қарындасым,
Біз тағы да
атойлап тарттық алға!
Киев 1944