ВЕРНУТЬСЯ

    (Хабарсыз жоғалғандар
монологы)
    Ұстазым
Кәрібоз Төлебаевтың,
    нағашым Атшыбай
Мусиннің, 
   9 танк өртеген
майдандасым Қабден Әзімжановтың, 
   достым Бақтияр
Меңдіғазиннің рухына арнадым.
   Мен солдатпын
ізсіз-түзсіз жоғалған, 
Көкірегімнен
көктеп болмай көп арман,
Мен туралы не
айттыңдар, достарым,
Оқ астынан өлмей
тірі оралған?
Анам шықты-ау қолмен көзін қалқалап,
Сарғылт тартқан
сағынышын арқалап,
«Атшыбайды
көрдік» деген жалғыз сөз
Үміті ұзақ кәрі
анаға қанша бақ!
Ұлым шықты-ау
алдарыңнан жүгіріп,
Сәби жүзде бір
қуаныш, бір үміт.
Маңдайынан сипасаңдар
еді ғой
Көз тоқтатып, бір
сәт қана кідіріп.
«Тұңғышпысың, кел, әй, күшік, келе ғой,»
Шат көңілге ондай
ұсақ келер ме ой,
Топ шетінде
жаутаңдаған жетімді
Мүмкін, өткен
шығарсыңдар елемей.
Мейірімнен үлес күтіп лайық
Қам көңілді
қалды-ау байғұс мұңайып,
Мүмкін, менің
рухыма айтылды
Қара жерді
қайыстырар мың айып!
Мүмкін, мүмкін, талай тілде датталдым,
" Жарым, сен
ше, не ойладың, жас қалдың?
Ұлым, сен де қос
балдақты көршіден,
Әкең жайлы сыр
тартуға жасқандың.
Сорлы анам, тосаң тартқан құлағың,
Мен сәби боп
күлдім, түсте жыладым,
Бесігімді қайта
тербеп қиялмен
Шомылдырдың,
құйрық маймен сыладың.
Тағы ақтарып тәтті ойлар парағын,
«Балам!» дедің сол баяғы бал ұғым.
Тықыр сезсең елең
етіп әрқашан
Әр бұрышқа
үміттене қарадың.
Сезіміңді бермей ешбір жәбірге
Түн ұйқысыз
отырсың-ау қазір де.
Ұлға деген
сеніміңді, анажан,
Пәк күйіңде
әкетерсің қабірге.
Сенбейсің сен жоғалдыға, өлдіге,
Тәулік сайын
сарғаюға, көндіге,
Тұңғышыңның
түшкіруін жорисың
«Бүгін де әкең
аман-есен ердіге!»
«Арам жеген емес ем ғой қалжаңа...»
Күбір-күбір
тапсырасың аллаңа,
Ақ сүтіңнің арын
сақтап қалды ұлың
Оралмадым...
ғазиз анам, қарғама!
Кешір ұлым,
оралмадым мен елге,
Бақытсыз жан жоқ
шығар-ақ сенен де.
Уа, дариға-ай,
жақсы екен ғой жылатып,
«Шын ерлерше қаза
тапты» деген де.
Бұйыртпаған маған ондай мақтанды
Ең болмаса демепті-ау «жер жастанды!»
Атшыекеңнің қаһарлы
айқас айлары
Мақталмай да,
датталмай да, ақ қалды.
Өлінің де, тірінің де есебінде жоқпын мен
Жұлдызы боп
кеттім бе ұшып көктің мен!
Жо-жоқ, ондай
бақыттардың бәрін де
Тағдыр менің маңдайыма
көпсінген.
Көрші ұлы өз
әкесін мақтан ғып,
Қарғығанда қос
балдақты «аттанып»,
Сен қызығып қарап
тұрдың, ұланым,
Кірпігіңнен
өкінішті жас тамып.
Әке кемтар, мейлі, ұлдары көңілді,
Аудармадың
мұңлы-ойлы көзіңді,
Қос тақымға арба
киген әке де
Қол жетпейтін
биік бақыт көрінді.
Сен қарадың қызығып та қамығып,
Көзде жоқты
көңіліңде бар ұғып,
Шықты Жалғас
майданда өлген әкенің
Оң қанатты жалқы
орденін тағынып.
Демек әке ерлігінен із қалған,
Оқ астында өткен
қиын құз-жардан.
Обалдағы-ай,
қырсық тағдыр ұланым,
Сенен мұндай
бақытты да қызғанған.
Ой жаншыды-ау
бұғанаңды еселеп,
Анау құрбың мұң
бөліскен неше кеп,
Бүгін ол да қос
жанарсыз оралған
Өз әкесін оза
берді жетелеп.
Әке, әке, неткен
ұғым ардақты
Көкірегіңді
басты-ау қасірет салмақты.
Амал қанша,
тағдыр саған, жалғызым,
Қос сирақсыз
әкені де жазбапты,
Жанарсыз жан
қуаныш, мұңы аралас
Туған жерін
барады оймен аралап.
Оған таныс әр
шаңырақтың тынысы,
Әр үйдегі абзал
үлгі, қара дақ.
Алғы шептен мина іздеген сапердей,
Таяқ ұшын құмайт
жерден көтермей,
Біраз жүріп
бұрылды оңға - зу етті
Қара мото қағып,
жаншып өтердей.
Мас шығар-ақ деп
қалды жұрт азғынды,
Ол өзі емес,
жанарсызды жазғырды:
«Көзсіз адам үйде
отырмас болар ма,
Тәртіп бұзып, нең
бар көше қаңғырып!»
Мүгедек жан түр білдіріп кекесін,
Күліп алды: - Інішек, оны не етесің?
Атшыекеңнің үйі
қайсы басташы,
Осы болса керек
еді көшесі!
-        Атшыекең кім?
-        Пулеметші
жолдасым!
Иә, Мүрсін бе?.. Ол оңбаған оңбасын!
Неміске өтіп
кеткен шығар жоғалған.
Отанынан артық санап өз басын...
Уа, не деді? Не тыңдады құлағың!
Сен селк етіп
тұрып қалдың, ұланым.
Жанарсыз ше кетті
кенет қалшылдап,
Бойын шарпып өрт
лепті бір ағын.
-        Тәйт-әй, доңыз!
Зорға күлген ол
жаңа
Соқыр көзден ыза
жасы сорғалап.
Темір таяқ тік
шаншылды аспанға.
-        Азғын, олай
солдат рухын қорлама!
Елде жүріп не шатасың сен бүгін?
Көзім барда
көргем өзім ерлігін.
Жоғалғандар «азғын... сатқын...» Масқара-ау,
Қайдан шыққан бұндай бықсық пенде ұғым?
Шынында да қайдан
шыққан бұл ұғым,
Үзер ме еді анау
сұмның жұлынын.
Мен туралы ғайбат
сөздер естісең,
Жәбірлен де
жалған сана, құлыным.
Ұлым, еңсе
түсірмеші, бұйығып,
Қайнар жасың
кетті-ау төске құйылып
Жанарсыз дос
дұрыс айтты,- әкеңді
Жалған жала,
күнәлардан биік ұқ!
Жасық солдат болмады әкең жан аяр,
Жасықтықты көтерер
ме сана да ар?
Отты, алғыр
пулеметші белгісін
Өңіріме таққан
менің өз қолымен генерал.
Кім-әй, мені қорлап кеткен әлгі сұм?
Ол малғұн біле ме
екен дәрі иісін!
Қап, әттең-ай,
керек еді жазалау
Бір адамым сияқты
өзі танитын.
Донда, Еділде, ол
Сарысуда, Бекетте
Жау оғына қарсы
кеуде төсеп пе?
Ал мына біз алтын
пагон фрицті
Түн жамылып
сүйреп кеткен төсектен.
Жалғыз емен, тобындамын он бірдің
Төгіп дұшпан
ракетаның мол нұрын
Қуды: «олжамды»
алып қалмақ... Өзім ше?
Дәл жүректен автоматты төндірдім.
Селк еттің-ау, ұлым, жо-жоқ қорықпа,
Бұндай сәттер көп
болады жорықта.
Өзімді емес,
өлтірмек ем «олжамды».
Өзімді де
аямайсың торықсаң...
Жақсы екен-ау
тұтқындалып өлмеген,
Жалбарынып сауға
күткен ол менен.
Былдырлайды: «Комрат, киндер кләйн..»
Арашаға ұлын
тартты-ау көлденең.
Ау, не дейді-әй? «Комрат киндер кләйн...»
Босап кеттім,
келді бір сәт жылағым.
Саусағымды тартып
алдым шаппадан,
Көз алдыма өзің
тұрдың, ұланым!
Сен ажалдан
сақтап қалдың жау ұлының әкесін,
Сен түзеттің
әкеңнің де шалыс басар қатесін.
Қабан өтпес сіңіп
кеттік балшық келді тоғайға,
Кездесер-ақ талай
бөгет, қатер, сын.
Сталинград
қаласының түскей батыс шетінен
Өтпек шалшық
өзен, қаланың «Царицын» деген
Бұрынғы атауы «Сарысудан»
алыныпты деген болжам бар.
Артта дұшпан...
Батпақ көлде
шырғалып,
Састық әбден.
Сүңгіп оқтан қорғандық.
Келер таңда
таптық полк штабын
Бір «олжаға» үш
жолдасты құрбан ғып.
Қайран менің сол бір абзал достарым,
Жан едіңдер алаулаған от, жалын.
Рухтарыңа тәжім
етіп, сендерге
Жауып кеттік
көл-тоғайдың көк талын!
Қош бауырлар!
Әлі де ауыр айқаспенен озар таң,
Ұлдарыңды іздеп
табам, өлмей тірі оралсам
Деген едім
Мойынымда борыш болып кетер ме
Егер де өзім
бейхабар болып жоғалсам...
Ұлым, онда Амандосты сен ізде,
Мұңдасыңдар, егілдірме, егілме!
Құрметтеңдер
солдат әке рухын,
Тереңдеңдер арман
атты теңізге!
Күллі әлемнің
назарында бір нүкте,
Бір толғаныс адам
атты тірлікте.
«Сталинград
қатерде тұр, қатерде!..»
Осы-ақ сөйлем
қайталанар күндікке!
Сталинград! Қарашықты талдырып,
Қарады әлем өзгені
ұмыт қалдырып.
Алаулаған
жүрегінің тынысы
Тұрды аспанның
толқынында жаңғырып.
Дос тыңдады өз
кеудесін жаралап,
Қас тыңдады бізді
әбден табалап,
Еділ көгі
ертелі-кеш лапылдап,
Өрт тыныстап
тұрды тегіс бар алап!
Ала-құла қауым тосты құлағын
Шығыс күтті үміттеніп құларын.
Хасан көлде
қансыраған әскерін
Шекараға тақай
түсіп бір адым.
Түстік тұрды:
«Күйрете гөр тәңірі!»- деп,
Аттанысқа айлы
туын әзірлеп,
Атланта арыстаны
толғанды
Көз алдына
көмескі бір сағым кеп!
Ол ойлаңды бір
отырып, бір тұрып,
Сигарының
түтініне тұншығып,
«Бесігіңде
қылғындырмақ болып ем
Өз қолыммен
өндіршектен бір сығып.
Әттең сонда...»
Оралар ма ол заман.
Ал қазір ше?
Құр қалмақ па олжадан?
«Дуалы ауыз, өзің айтшы, Чемберлен...
Қас дұшпанның қайсысын мақұл қолдаған?»
Жоқтартын сен...
Көргенің мол
көнеден.
«Қырылыссын,
әлсіресін... уа, деген!
Әбден шаршап
талыққанда біржола
Екеуін де соғьп
алам төбеден.
Әлде жөн
бе Адольфты алдаған?
Бұл қамалдың тынысын жөн барлаған...»
Ақ үйдің де президентін тілдеді ол
«Ой өрісі шалғайламас өзі отырған арбадан..
Күллі әлемнің назарында бір нүкте,
Бір толғаныс адам
атты тірлікте.
Қасиетті
қаламызды кеудемізбен қалқалап
Біз жатырмыз
тойтарыста күндікке!
Біз қорғандық бір
тілектен мызғымастай топталып,
Кеудемізбен найза омырып, оқ қағып,
Аяқ асты еш
тынбастан дірілдеп,
Аспан тұрды
ертеңді-кеш шоқтанып!
Толқын жалын өрт
шарпыған Еділдің,
Күзгі ауада күйік
иісі темірдің.
Жанып жатқан
сәнді-сәулет сарайға
Көлді кенет топан
сел боп себілгім.
Ауыр доптар жарылады күрсініп,
Бұтасы сау жоқ
бұл маңда бір шыбық.
Құлап түскен
қабырғалар астында
Талай адам
қалды-ау үнсіз тұншығып.
Доп қиратып жатыр әсем қаланы,
Жалын жауып
барады алтын даланы,
Жау құзғыны
босқындарды жазықсыз
Қуа жүріп оқ
астына алады.
Бейкүнәлар қош айтысқан өмірмен
Отандастың кетпес кегі көңілден.
Сонау құлап
шырылдаған нәресте
Құлыншағым, бір
аусашы өзіңнен.
Шырылына құлақ тосып жас ұлдың,
Көкірегімді ыза кернеп ашындым.
Тоқтау салған
жетекшімнен жұлқынып
Босадым да, дереу
қарғып атылдым.
Құзғын енді нысаналап өзімді
Самғап өтті, оқ
сиректеу төгілді.
Сол иықтың
ұйығанын сезінгем,
Қапелімде қан
жауыпты өңірді.
Жан ашуы - жанарымнан от өріп,
Жаралы ұлды
жеттім кері көтеріп.
Құшағымда сөне
берді балдырған
Жиі-жиі қан
қақыра жөтеліп.
Тек қас қағым қарады ол аспанға
Не көрді екен
көзін соңғы ашқанда?
Әлде не деп
күбірледі - ұқпадым
Деді, мүмкін,
кегімді ізде, жасқанба!
Тағдыр, тағдыр, неге мұнша тар алдың?
Соңғы нұры өшті
сәби жанардың.
Келді бұл сәт
масайраған құзғынның
Көкірегіне өзім
оқ боп қадалғым!
...Мүлгіп кеткем:
өз ауылым, өз елім,
Ақмоншақта көрдім
сені, бөбегім,
Жүйрігіңмен жүлде
алып бәйгіден,
Әкеңді бір қуанышқа бөледің.
Өзінде ғой болашағым, бар үміт
Төбем көкте
уайым-мұңнан арылып,
Құшағыма
қаусырғалы ұмтылғам
Гүрс етті де
кетті арамыз жарылып.
Көзімді
аштым...
Түтеп алған от тасқын.
Күлі шыққан қарсымдағы көк тастың.
Қаптап өрген ақ кресті танктер
Жаншып өтпек.
Қандай құдірет тоқтатсын!
Шойын топан...
Шошымаппын тегін
мен.
Айрылған да
сияқтымын сенімнен.
Жетекшіге қарап
қойдым күрсініп:
«Мүмкін, мақұл
жаңа орынға шегінген?»
Жо-жоқ, достым, шығар оны ойыңнан
Түрің бар ма,
үрейге де бой ұрған?
Тойтарамыз...
Өлуге әзір ертерек
Перзент  борышын өтеп болмай мойыннан.
Перзент хақын өтей
шықтық ауылдан,
Кім шошымас мынау
өртті дауылдан?
«Үрейіңді жеңе
білсең батырсың!»
Тауып айтқан
айналайын Бауыржан!
Қоян емес қаза
табар қамыстан,
Ерлерше өлем өлсем
абзал намыстан.
Жаралы жан келеді
ғой ызалы.
Бұнымен де
талайдан-ақ танысқам.
Шақыр-шұқыр доп күрсінген жаңғырып,
Окобымды бір
жойқын күш қалды ұрып,
Құлап түскен тіл
қатпайды көмекшім
Бірер секунд
тұрды басым қаңғырып.
Танк-танк!..
Қорғанысқа төніп
қалған тақалып,
Пулеметім тоқтай
берді қақалып.
Жан дәрменмен
қайта отырдым түзетіп,
Ащы ызадан
кірпігіме жас алып.
Әке алдында тұрды ауыр, балам, сын
Алса тағдыр арды алмасын, жан алсын.
Төктім оқты.
Құлап жатты
десанттар,
Мүмкін, ұлым,
саған жалған, маған шын!
Оқты аямай мол төгуге
тырысқам,
Қырылған жау көп
шығар-ау қырықтан.
Әттең, бірақ
«Максим» оғы өтер ме
Шақырлаған шойын
дене - құрыштан.
Өтті бірі окобымды жаныштап,
Атып тұрдым,
ашулы едім барысша!
Көміліпті құрыш
дене жалынға
Өз маңымнан ұзай
алмай алыстап!
Біреу емес, жатыр бесі жалындап,
Күллі атырап
айғай-ұйғай сан ырғақ.
Күн қанталап көк
төрінен құлаған,
Көк түтіннен емес
бұл маң арылмақ.
-        Уа, батырлар!
Мызғымайтын тұлғасыңдар ең биік!
Көрдіңдер ме тойтардық қой, дендедік!
-        Граната,
граната!.. сол білегі мойнымда
Жетекші жүр әр солдатқа дем беріп.
Ол өзі де
«...қайыспайтын қара нар!..»
Айқаста жүр, болса да ауыр жарадар.
Ұрпақтарды
батырлыққа баулыған
Мың рақмет, абзал
ата-аналар!..
...Жаңа қорған берік болғай, достарым!
«Тосқауылдан жеңіспенен тос бәрің!»
Деген едім.
Кешеуілдер түрім
бар,
Болмағай ең тек
бейхабар жоқтарың?!
Кеше аспанды жапқан қою бозымық
Жолым сонша кеткен несі созылып?
Әлде адастым! Ұзақ
сапар түн бойы
Тоқтамастан, ұйықтамастан көз іліп.
Таңды қарлы жаңбырменен атырдым,
Кірпігіме кейде
мұңды жас алдым.
Кездестім де кенет жаудың оғына
Қалың нуға қайта өзімді
жасырдым.
Үмітімді
әкеткендей түн ұрлап,
Бір азаптан
екінші азап құлындап,
Шақ құтылып үлгердік-ау
қуғыннан
Максимкада талай
оқты шығындап.
Сол иығым сырқырайды қанталап,
Серігімді сүйеп,
кейде арқалап ілбіп келем.
Пулеметім
жетекте,
Тосады екен қанша
азап, қанша бақ?
Достым ауыр...
Қоштасар ма мәңгілік?
Өзім дағы оққа
бойды алдырып,
Қарлы жаңбыр,
қасіреттей мұнарда
Балшық кешкен
түрім мынау қаңғырып!
Жараларым у құйғандай
ашиды,
Кейбір сәтте
жігерім де жасиды.
Қасиетті үміт,
шырағымды өшірме
Келмейді әзір
торығуға бас игім!
Тоқтап қалдым
есіттім де жат үнді
Бұл не дабыр?
Мылтық қайдан атылды?
Жаралы  дос күбірлейді:
«Ат мені... Өзің құтыл, құр сүйремей масылды...»
Жо-жоқ, достым, ұсынба ондай ұғымды
Мен қабылдар емес
әсте бұл үлгі.
Әлі де елге есендікпен оралып,
Қуандырам деп
үміттен ұлыңды!
Үміт, үміт,
жұлдыз болып нұрлан да
Бұлт
қойнына бой тасалап ұрланба!
«...Ха, ха... Майне ливе русеш фрейлин...
Қандай сорлы
мазақ болмақ бұл маңда?
Қаз айғайы
қасірет әбден меңдеген»
Шырылдайды бишара
Сорлы-ай неткен
азабы ауыр пенде ең!
Құтқаруға менің шамам жетер ме?
Жә, оқ аштым.
Не мұқатар, шешер не?
Жо, жоқ, тартын...
Құралдастар күтеді,
Хақың да жоқ ажал іздер бекерге.
«Мама, мама!..» Шырылдайды балаң қыз.
Шегініп те кете алмадым алаңсыз.
Жаралы дос сұлық
жатыр - ол қазір
Намыстан да,
үрейден де алаңсыз.
Қайтем? Анау бала үшін де ескерткен!
«Құпияда қылмыс жөнсіз беттескен...»
Қарындасты
қасіреттен құтқармай
Мен қалайша бас
сауғалап тек кетем?
Ар азабы, іштей тартыс.
Бас қатқан,
Серігімді шақ
сүйретем батпақтан.
«Максимка» дос батпан болып кеткендей.
Қарлы сел боп жерге түгел ақты аспан.
Достым тілсіз...
Жан тапсырған, күтпеп ем
Денем дір-дір.
Сарқылмақ па күш менен?
Қаралы аспан сел
боп ағып бітердей,
Адамзаттың
қасірет-мұңын жүктеген!
...Ауыр екен, ауыр екен жалғыздық
Серігің жоқ
сырласатын жанды ұғып,
«Максимканы» жер
бауырлай итеріп
Тағы жүрмін тағы
аңдай қаңғырып.
Қос граната, қос автомат.
Оқ шағын.
Сылбыр жылжып,
жиі-жиі тоқтадым.
Дәрменсіздік
күйдіреді жанымды
Көкірегімді
шарпығандай от-жалын!
Бейне үрейлі аңға
ұқсас  бүгінгім
Аяқталар сағаты
ма жырымның?
Қайран достым,
сен ғой соңғы секундта
Ұланыңды тілге
оралтып үзілдің.
Ұлдар, ұлдар,
Сезе ме екен солдат әке азабын
Жетер ме ол
ұғымына аңқау, сәби сананың?
Тұңғыш жаным, сен
ғой «әкем оп-оңай Фашистерді қырадыға» санадың.
Әкеңде де
болған бір кез
Ондай сәби түсінік,
Өзімізді ірі, жауды әлсіз-кіші ұғып
Кеудемізге нан пісірдік... мүмкін, біз
Алғашқыда сондықтан да ұтылдық!
Ұлым егер
көрсе әкенің бұл түрін,
Тыңдар болса
жүрегінің дүрсілін,
Шошынар-ақ,
мүмкін, аяр міскінді
Апта бойы
ілінбеген кірпігі.
Бұл төрт тәулік тынымды да ол сиретті,
Тәбетін де нәр
сызбауға ол үйретті,
Жапырақтар
аясынан сусындап,
Бұталардан жұлды
семген жидекті!
Шаруадан да ауыр солдат еңбегі
Қанша жерді
қопарды әкең келгелі.
Игілікке
жұмсалса, әттең, осы күш
Қаншама ырыс
болар еді бермегі!
Тағы да жау...
Қылаң берді соңымнан,
Жер дір етті ауыр
мина оғы ұрған.
Бұға түстім.
Мазақ күлкі баяғы
Мені қуған
тәрізденді соңымнан.
Ал әкең ше?
Тығылыпты тасаға,
Мүмкін, тіпті беттеспестен қашар да!
Мүмкін, ұлым, сен
қорландың мен үшін?
Жоқ, күйініп
кірпігіңе жас алма!
Әкең бір сәт буындары дір еткен...
Қорқынышты тұншықтырды
ол жүректен.
Мінеки, ол құдірет
күшін ызаның
Түгелімен берді
екі білекке!
Лап қойды жау.
Мен таяудан
көздедім
Жастығымды алмай
бар ма өлмегім?
Бірінші топ
жапырыла серпілді,
Кезектегі не
болмақшы көрмегім?!
Оң қанатта шұқыр
мина қопарған,
Соған жетсем...
Мүмкін, бұл
да бос арман.
Тірі кетер сенім
қазір жоқ менде
Тек қана абзал
арлы өлім тос алдан!
«Орын өзгерт!» деген ойда бір ұғым
«Максим» досты жетекке  алып жүгірдім.
Жамбасымды шарпып
өтті жалындар
Ескі апанға естен
тана жығылдым.
Сирағымды «Максимканың» өзі ұрып
Басып қалды,
кетті мүмкін омырып.
Есеңгіреп зорға
ғана ес жидым.
Көңілім
күйрек...
Қалғаным ба торығып!
Жоқ, тағы да ішкі ыза, жәбірім
Ал қазындым...
Болар мүмкін қабірім.
Кешір, ана, кешір, Отан, мойнымнан
Өтей алмай өтсем перзент парызын!
Шаршаулымын, жаным әбден қиналды,
Болсын маған
сендер тартқан сый мәңгі,
Зеңбірекші
Богатыров, өтінем,
Қишы достым, ең
бір ауыр минаңды.
Қишы маған, ең ауырын, жан аға,
Болсын досқа дос
оқыған жаназа
Қаптап келген
дұшпанды ала өлейін,
Қанды қолды
жақындатпай жағама!
Естімейсіңдер
сендер мұны, достарым,
Берік болғай
қамалдарың,
Мызғымасын
топтарың!
Қош болыңдар...
 Шоққа айналған «Максимде»
Қалды қазір тек
санаулы оқтарым.
...Мен жалғызбын, дұшпаным көп оғымнан
Анталады солымнан да, оңымнан...
«Максимканның»
өшті үні қақалып
Өлі, тірі қараң-құраң
- шоғыр маң!
Атпайды да, топырласа жүгірмей
Дабырласқан бірі
сойып, бірі ірей,
Үрейлене
жақындайды біртіндеп,
Тұтқындамақ
ойлары бар тірілей.
Автоматтар от алмайды - құм қапқан,
Ызаланып үзіп
салдым құндақтан,
Гранатты жарылуға
дайындап
Өңіріне тықтым
көне сырмақтың.
«Русеш золдат, Сталинград капут, мойында,
Өмір керек, сен бекерге жойылма...»
Дейді фашист...
Тағы да бір
граната дайындап
Салып қойдым
сырмағымның қойнына.
Енді маған өлім жақын өмірден
Азғын болмай
ар-намысы төгілген,
Өмірімнің құнын
алып құласам,
Сол бір абзал
арман тұрды көңілде!
Құлағымда күңгір-күңгір сыбыр үн
Естігендеймін сорлы қыздың шырылын.
Орнымнан
көтерілдім теңселіп,
Бірден атар
болса, құнсыз құрыдым.
Қолда менің, ең ақырғы қас қағым,
Бар денемді дуылдатып жас қаным.
Қанатымды қомдай
сермеп өзімді
Қалың жаудың
ортасына тастадым.
Тасталдым да
гранат боп жарылдым
Есімін атап анам,
ұлым, жарымның,
Дұшпанныңда күлі
қалды... білмеймін
Өшірдім бе өтеп
перзент қарызын!
Ғазиз анам,
қолдан сырғып күрегін
Дөп осы сәт бір
дір етті-ау жүрегің
Сездің, бірақ
сеніміңді алдадың,
Өзге алдында
келмеді де жүдегің.
Бітті осылай жауынгерлік сапарым
Кірленбеді, қорланбады жас арым.
Сезіп кеттім,
сеніп кеттім жеңістің
Көкжиектен қылаң
берген шапағын!
Солай ұлым!
Іздестірме мені ешбір хабардан
Іздестірме, зираттардан, ескерткіштен сазарған.
Ізде мені таңғажайып
құбылыстың өзінен
Мен мәңгілік
өлмейтұғын табиғат боп жаралғам!
Ұлым, мені таба
алмайсың қағаздағы тізімнен
Ізде мені торғын көктің
жұлдызынан тізілген.
Алтын арай ақ
таңдарды қарсыласаң шаттанып,
Ізде мені сап
ауаңнан көкірегіне сімірген.
Ізде мені күннің күміс нұрынан,
Ізде мені жаздың
жасыл қырынан,
Ізде мені
сыбдырынан күзгі алтын дарияның
Тыңда мені бозторғайлар
жырынан.
Тауға барсаң жатса жартас жаңғырып,
Тау өзені
сарқыраса жарды ұрып,
Бәрі-бәрін де
әкең деп ұқ ұланым,
Мен өлмейтін
табиғатпын мәңгілік!
Алматы 20. 9. 75 жыл.