ВЕРНУТЬСЯ

    Кескіліскен айқаста жауды жеңіп, 
Таң алдында
үлгердік селоға еніп,
Ақ теректер
омырылып, ақ қабырға
Хатарларды өтіпті
жалын көміп.
Өртті өшірдік.
Таң да атты,
Ертеңгі алты.
Қайда кеткен селоның тұрғын халқы?
Нан мен тұз, сүт
пен сусын, қызыл гүлін
Ұсынатын бар еді
ата салты.
Бұл не сыр?
Білуге біз болдық асық,
Іздедік екінші бір дөңнен асып...
Фашист сұмдар селоның бүкіл жанын
Терең ойға иіріп, кеткен атып.
Бүлдіршіндей
арулар, балғын бөбек,
Жазықсыз өр кеудесін
оққа тесеп,
Шомылып дариядай
жатыр қанға,
Туған жер
топырағын етіп төсек.
Бас идік...
Төңірек мылқау өшкен үні.
Сызылтып сайрамайды таң бұлбұлы...
Бұл не?
Кенет өліктер арасынан "Бәу-бәулеген" естілді ана
жыры.
Санитарка жүгірді елден бұрын,
Жас ана көкрегіне
қысып ұлын,
Қос анарын ұсынады
бөбегіне:
Еме қойшы,
мамаңды, айым, күнім!
Бізге бір үмітпенен қарады ана...
Кел, дәрігер, талмаусырап кетті бала.
Рас, бірақ кеш
еді жас бөбектің
Жау оты
көкірегіне салған жара...
Бірер талмап ардақты ақ мамасын,
Моншақта
кірпігінен іркіп жасын,
Ананың әлдиімен
көзін жұмып,
Нәресте ақтық рет
қақты қасын.
Бөбегіне салды да ана көзін,
Айтты ауыр
заулады үкім сөзін:
Қарашағым,
қаныңды арқалаған
Фашистер ұрпағына
жетсін өлім!
Жайды да толқындаған қара шашын,
Ұлының
өлігіне иді басын.
Текпеді ол
дәрменсіз құр булығып,
Дариядай сел
қылып қанды жасын.
Ананы біз жөнелттік медсанбатқа.
Эскадрон тізіліп тұрды сапқа...
Қалды өлім ойпаты
артымызда,
Біз айқасқа
ұмтылдық мініп атқа.
Өтерміз жеңіспенен талай өрді
Дұшпаннан
арылтқанша туған жерді,
Қасиетті қабіріне
тумалардың
Өшпейтін
орнатармыз биік белгі!
Сватово 1943