ВЕРНУТЬСЯ

    Көп арманды құшып шыңырау төменнен, 
Жарып шыққан жас
батырдай өзеннен.
«Қыран биік»
шоқтығымен көк тіреп
Тік қарайды
шаншылып тас төбеңнен.
Жырлайды аңыз таудың қалай өскенін...
Қала орнапты
өрмелеп тау бөктерін.
Үйлер, үйлер, бейне амфитеатр...
Ал кеш болса
сәуле толқын көктемің.
Миллион шапақ,
Қайта
жанған армандар,
Қаншама мың қаза тапты сарбаздар...
Күлі қалған астанасын қайтадан
Гүлістанға айналдырған болгарлар.
Жырлайды аңыз күрестердің ғасырын:
«Тізе бүгу болгарларға жат ұғым!»
1.Тырново -
Болгарияның алгашқы астанасы. 
2.«Қыран биігі» -
тау аты. Тырново осы таудың бөктерінде
Ұлы Тырново сонау
қыран биікте
Аялапты революция
батырын.
Ескерткішке бас
иемін ізетпен:
«Мен дұшпанды
тізерлетсем күреспен -
Ел жеңісі.
Ал
сүрінсем тек мен ғана
Әл-қуатын
арпалыста жүдеткен!»
Депті батыр.
Тасқа сөзін жазыпты.
Ол сүрінді.
Мезгеп жарқын алысты.
Жеңе алмапты революция дұшпаны,
Азаттықты армандаған халықты.
Ол Отанын өз жанындай сүйіпті.
Тосыпты ол зілге палуан иықты.
Революция Прометейі халқына
Мезгей бермек қыран жетпес биікті!
Тырново, 1945