ВЕРНУТЬСЯ

    Сен маған қадама, фрау, 
Назданып көкшіл, көзіңді!
Неге-дейсің,
Жоқ, білем,
білем, сыйқыр сөзіңді.
Қойныңда тас
жатыр ғой,
Құр
жылтыратқанмен жүзіңді.
Кеше сүйгенің
шығысқа тартқанда,
Жойғалы менің
елімді.
Олар жазықсыз
жандарды қырып,
Кілкіткенде қанды
теңізді,
Сен
"Викториялап" мадақтандың,
Өлім саған қызық
көрінді.
Бірақ, әділет
күші алуан түсті!..
Шабдарың тізерлеп жеңілді.
Мен шығыстың
дауылымын,
Іздеп келдім ата
кегімді.
Алайда әкелгем
жоқ, фрау,
Не құлдық, не
өлімді,
Саған деген
махаббатым да жоқ,
Жүрегім өз жарыма
берілді.
Сен маған қадама,
фрау,
Назданып, көкшіл
көзіңді!
Вена, 1945