ВЕРНУТЬСЯ

   Келе жатыр кеш
түсіп, 
Нарттанып көлге
шомды күн.
Батыста қызғылт бұлт жүзіп..
Солғындап шапақ төнді түн.
Шығыстан ескен самал жел
Түсірді менің
есіме:
Ләззатті бір кезімді
Жайдары жаздың
кешінде.
Көл шетінде
тұрдым мен
Сүйгеніммен
сырласып,
Нұрына бөлеп
іргені
Бара жатты күн
батып.
"Қайырлы кеш, әзірге
Соқты сағат,
Мен кетем,
Түн дегенің жыл
емес,
Көрісерміз тағы
ертең!..
Деді маған ару қыз
Ақ білегін ұсынып,
Жаудыраған
көзінен
Жүрегін тұрдым
түсініп.
Сұлудың сүйіп саусағын
Жүзіне ұзақ
қарадым:
"Неге олай
жүрекке
Кірпігіңді
қададың?".
Айтпадым қызға сырымды,
Кетем деп оқтың өтіне.
Күткен шығар ол
мені
Сарғайып көлдің
шетінде.
Келе жатыр кеш түсіп,
Нарттанып көлге
шомды күн.
Көл шетінде,
алыста
Күтеді менің
сүйгенім.
1944ж.