ВЕРНУТЬСЯ

   Сәлем саған, мөп-мөлдір тұнық ақ айдын,
Мен бүгін сенің
Шандорың болып қараймын.
Әділін айттым,
Балатон, мені жазғырма!
Ал-қызыл қанға
кілкіген шақта әр жылға:
Аямай соңғы
жалынын жастық шағымның
Шандорша мен де
қызыл қан боп ағылдым.
Болған жоқ менің
ажалдан қорқып, үркерім,
Дұшпаннан сені өз
деміммен бүркедім.
Кеудемде сансыз
болса да мейлі жара мың,
Өлдім де, қайтып
Шандорың болып жаралдым
Сүйеніп тұрдым
сонда бір зәулім еменге,
Жарқыншақ оқтар
шарлап жүр әлі денемде.
Жас шағым, қайран... Уа, жоқ, жоқ, неге жасимын!
Шандор
Шегашвар майданында ерлікпен қаза тапқан.
Қасиетті емен, тізерлеп саған бас идім.
Шандор да саған сүйенген шығар жарадар,
«Қабырғасын сөксе, қайыспас бейне қара нар»
Сүйенген шығар...
Кепкенде тамақ жалыннан.
Бір бикеш менің ауызыма сусын тамызған.
-        Кім
едің?-деймін,- мен: Ғали...
-        Сен ше! - Алмаши...
Қыз алдында талықсып жатсаң арға сын,
Орнымнан тұрдым.
Бойымда күштің бұлағы...
Ал, Алмаш кенет шыр етті де құлады.
Көтеріп алдым.
Тартыпты қуқыл дидары,
Бастырар емес, омарылып қалған сирағы...
Өзім де қайта талықсып кетсем керек-ті,
Жоғалтып аппын қызды да, зәулім теректі...
Кайда екен, сол бір армандай сұлу асыл жан?
Кұмартсам ол кез, несіне бүгін жасырам!
Кеудеңнен толқып төгілген қара өрімге,
Көз тігіп шіркін, қарауға жазса өмірде!
Мойындау қажет, бойында ширек ғасырдың
Арманды сол бір өз кеудемде жасырдым...
Сарғая күтем, құмарта құлап өзгеден...
Сағынсаң шалқар болады екен көл деген.
Осындай сәтте сезімтал бар ма сенен де
Кетесің бойлап керемет түпсіз тереңге!
Бір уыз ұғым, тәтті ойлар, тәтті жалғасқан...
Шолпаннан кезек алады қазір жазғы ақ таң!
Ақ айдын сенің астында нұрлы таңыңның
Барлаймын ізін жоғалтқан жастық шағымның,
Көл бетінде толқиды шұғыла, түн іргесі сөгіліп,
Күтерім менің өмірде бейне жоқ үміт.
Таң бұлбұлы...
Тағы да шырын бал әуен,
Жұлдыздар түгел арылып болған әуеден.
Жағада жалғыз өткіздім шарлап бір түнді,
Шығысты күрең жалынмен
шарпып күн тұрды...
Балдақты біреу... Деді де маған:
-        Таң жарық!
Қарайлап өтті,
Барады неге таңданып...
Кәрі еменге сүйенді.
Тағы көз тікті.
Бурыл шаш әйел.
Кім екен қара
көздікті!
-        Қайырлы таң...
Танымай қаппын алғашын...
-        Аһ...
Құшағын жайған баяғы ару Алмашым.
Сүрініп кетті.
Көтеріп алдым бибақты!
Туған жер
оған сыйлапты қайың сирақты!
-        Кешірім Алмаш,
(бұрқ етті беттен кенет тер)
Обалыңа болыппын жаным, себепкер.
Күрсінді Алмаш,
Тиген жоқ, сенің
кесірің,
Күнәкар соғыс.
Соғысқа жоқ қой кешірім!
Әжімді жүзді
тілгілей берді тамшылар,
Сирақсыз қалған
Алмаштар талай бар шығар!
Күркір ме, бұл не?
Тас бітіп қалған
қос құлақ,
Кеудемді тағы
өткендей оқтар осқылап.
Шайқалып кеткен
секілді тағы ақ айдын,
Мен өзімді айыпты
жандай санаймын,
Теңселіп тұрмын.
Көзімде
ыстық жас дайын.
Өспей-ақ қойсын
болуға сирақ ақ қайың!
Қу соғыс сені
бақытсыз еткен Алмашым,
Адамдар енді сұмдыққа
қайтып бармасын!
Білмесін тарих
әкесіз өскен жетімді,
Сирақсыз қалған,
мәңгі тұл, мәңгі жесірді.
Балатон, 1966