ВЕРНУТЬСЯ

   Шырқа, сәулем! 
Тағы да жаным
тербеп,
Көтерілсін көңілім
көкке өрлеп,
Ажырасар сағатта
аласұрған
Жүрегімнің
құмарын әнге шелдеп
Қандыр бейне
шынардың түбін қуа
Аққан таза бұлақтай
мөлдіреп кеп.
Шырқа, сәулем,
Өмірдің толқын
жырын,
Шыңға соққан
дауылдай қаһарлы үнін,
Ажырасар секундта
жігер беріп,
Ән қозғасын
намысын жүрегімнің.
Қол алысып
аттанар сапарымда
Болсын әнім жеңімпаз
туым менің.
Шырқа, сәулем,
Қалқан ғып әніңді
алға,
Енейін мен
қаптаған қалың жауға,
Қызықты өмір
сәулетін салтанатты
Тартсын әнін
әкеліп көз алдыма.
Өлсем нұрлы өмірдің
құрбаны боп,
Қабағымды
шытпайын қан майданда.
Шырқа, сәулем,
Даңқымды көтер
көкке,
Сенің әнің бастайды мені көкке,
Құлағымда майданның дабылындай,
Жігер отын үрлейді көкірекке.
Уа, шіркін ән, өмірге
шеру тартқан
Жетекшісі жігердің сен емес пе?
Шырқа, сәулем,
Өмірдің теңізінен,
Толқынына шынығып піскен денем,
Адам жанын
әлдилер әсем әннің
Тәтті сазын
тілеймін сәулем сенен.
Әнмен туғам,
майданда қаза тапсам,
Тербеліп көз
жұмайын тағы да әнмен.
Белолюцк, 1943