ВЕРНУТЬСЯ

    Мадьяр қызы өте шықты, 
Бір жалт етіп
қарады да,
Жатсынды ма, әлде
іштей
Балағаттап барады
ма?
Йол новер қорықпаңыз!
Мен емеспін жауыз пенде.
Балатонды олжа етіп
Әкетпекші емен елге.
Мейірім бар жүрегімде
Болса дағы жүзім суық.
Күнбатысқа тартып барам
Саған да қас жауды қуып.
Көрме мені басқыншыдай
Қара жүрек
қаныпезер
Қырқып толқын
тұлым шашты,
Жас арудың арын
төгер.
Тәщик, лан! кері
орал,
Тілдеселік
адамдарша.
Мен достыңмын наз
тыңдарлық,
Күлсеңші, құр
сазарғанша.
Сен сәрәтсәң мен
жаратам
Бейбіт өмір
салтанатын.
Рас, жауға
кешірмеймін
Отандастың қан
мен жасын.
Білем, "крес
жебелілер"
Жазықсыздың қанын
төкті.
Жазғырғалы
келгенім жоқ
Олар үшін қалың
көпті.
Алақанның аясындай
Керек емес бізге жерің.
Қыйыр-Шығыс күн
астында
Жатыр байтақ
туған елім.
Онда еркіндік,
онда думан
Бәрі сонда салтанаттың!
Туын тіккен жері
дер ем,
Сүттей таза
махаббаттың!
Көрсең еді Көкшетаудың
Шаншылған тік найза тасын.
Үлбіреген ақша бұлттар
Мекен еткен ұшар
басын.
Айнадай көл
ортасында
Аспан тіреп
"Оқжетпесі"
Түн де меруерт жұлдыз
қадап
Жарқырайды
сәукелесі.
Жатыр асқар Алатаудан
Асау бұлақ төмен
құлап.
Етегінде су төңкерген
Үдей тарғыл тас домалап.
Төбесінде
тағы бүркіт
Саңқылдайды қанат қағып.
Қойнауында
бау-бақшасы
Құлпырады миуа
тағып...
Кемсінбеймін, рас көркем,
Мөлдір
тұнық Балатоның.
Бірақ бұған бере
алмаймын
Алатаудың
"Ыстық келін".
Құшағым жоқ дайын
тұрған
Шет өлкенің
аруына.
Күтеді аңсап
сүйген жарым
Туған колхоз
ауылымда.
Жалғыз ғана тілегім бар.
Тәщик, лан! Қашпа жаным!
"Құлақтан
кіріп, бойды аларлық"
Шырқап бер, бір
мадьяр әнін.
Мадьяр қызы кері оралды,
Жанарында жалын ойнап.
Рожика!?.
Қарашығын төңкере
бір тұрды ойлап.
Тихани, 1945