ВЕРНУТЬСЯ

    Аппақ алау, зираттағы ақ жалын, 
Жауынгердің
аңғартатын ақ жанын,
Маздайды олар
мәңгі тынбас жүректен
Арманыңа жалғап
адал арманын.
Жалын, жалын, жалғасы бар тіршілік,
Емес олар ақ алаулы бір шыбық,
Кілт үзілген көп
арманды көтеріп
Мың кеудеден
келеді бір күн шығып.
Саған қиып өміріңнің қызығын,
Көз ілместен
тұрады олар күн ұзын,
Оқимын мен от өрнектен
сонау бір,
Теңдесі жоқ қаһармандық
жыл ізін.
Алау, алау, зираттағы ақ сағым,
Білмей-ақ қой мұнда
кімдер жатқанын,
Жо, жо ғафу
күзетінде тұр олар,
Сендік бақыт, сен
сайраңдар бақшаның.
Дидары да таныс маған көбінің,
Талайлардың
тыңдап тұрмын өз үнін.
Ажал атты
албастыны шошытар,
Көріп тұрмын
жалынын жас көзінің.
Ақын да бар мұнда арманды жыр еткен,
Абзал ойды
көкірегіне түнеткен,
Ана да бар талай
сәби ұйқысын
Ұзақ таңға
бесігінде күзеткен.
Балғын иек әлі ұстара тимеген,
Балғын ерін жар
тілінен сүймеген.
Балғын кеуде
бабалардың арманын,
Қыран жетпес
қияларға сүйрер ең!
Соның бәрін сыйлап келер ұрпаққа,
Жазғы аңыз, қысқы
аяз, бұршақта,
Ақ жүрегін ар туы
ғып көтеріп,
Бәрі, бәрі
жауынгерлік тұр сапта!
Тыңдайды олар
сенен тәтті сыр үнін,
Тыңдайды олар ойлы
ормандар сыбдырын,
Сезеді олар көп
ұлтты
Отанның Құдірет
күшін, тілегінің бірлігін.
Аппақ алау зираттағы ақ жалын,
Жауынгердің
аңғартатын ақ жанын
Маздай берсін,
Келер ұрпақ сен жалға,
Батырлардың кілт
үзілген арманын.