ВЕРНУТЬСЯ

   Жол жыландай мың бүктеліп, 
Шыйратылып
шыңтасына,
Құз қойнынан
көтеріліп,
Өрмелейді шың басына.
Осы жолмен қарт Балқанға
Көтерілсең биігірек.
Бір ескерткіш тұрар
зәулім,
Шоқтығымен аспан
тіреп.
Ескерткіштің етегінен
Шоқтығына мінсең
егер,
Мұнарланып көз ұшында
Бұлт оранып
жатады жер.
Шың басынан сылдыр қағып,
Құлаланып құзға
төмен,
Әлде нендей аңыз
сайып,
Ирелеңдеп ағады
өзен.
Шығыстағы найза тастың
Ұшарына қыран
қонып,
Қос қанатын жазып
тастап,
Түр түстікке мойнын созып.
Саңқылдайды шың басынан.
Құлақта бір күшті
сарын,
Көз алдыңа
келтіргендей
Орыстың Ақ
генералын.
Сен түстікке көз
саласың,
Қиялыңды билеп
қыран.
Тау қойнында тұр
ғажайып
Алтын күмбез биік
храм.
Бейне ерлік қазынасы,
Құдіретті
орыс құралының.
Тұлғасына
сүйсінгендей
Батыр совет
ұланының.
Ұлы майдан
дабылындай,
Қағылғанда
қоңырауы,
Жаңғырыға үн
қосады
Құз-қиядан Балқан
тауы.
Жол жыландай мың бүктеліп,
Өрмелейді тауға биік.
Тау үстінде жеңіс
шыңы
Ескерткіш тұр зәулім
биік.
Ұлы
Терново, 1944