ВЕРНУТЬСЯ

    Әбілқайыр Баймолдинге
Кескіліскен қанды майдан,
Жау тобыры болды ойран,
Мая-мая өлік қалды.
Сүңгіп түннің құшағына.
Түн төбеті ұсады да,
Жау тозғындап қаша берді.
Жер мен көкті дүбірлетіп,
Көлшіктерден
көктей өтіп,
Бәйгі күрең аға
берді.
Наркескені
жарқ-жұрқ етіп,
Баудай турап
басты кесіп,
Топқа біреу
жалғыз енді.
Жаудың сел боп ақты қаны
Талай бастар домалады,
Жігіт қылыш сермегенде.
Алмасының сүртіп
қанын,
Жанарынан атты
жалын,
Бойын ашу кернегенде.
Бәйгі күрең жұлдызша ағып,
Жұмыр басты допша қағып.
Ер гвардеец түтеп кетті.
Қар ұшқындап
қабағынан,
Екі көзге құйылып
қан,
Тағыда бір топқа
жетті.
Айыр сақал  генералдың
Алқымынан алып жанын;
Үйіріп ол нәркескенін:
Білемісің,
господин, сен
Фашистерді турап
жүрген
Ер ұрпағы тау
елінің.
Деді дағы жанай беріп,
Ақ алмасын тағы үйіріп
Көкжелкеден кетті салып.
Шабдар зұлым, шағыр көзді,
Омақаса құшты жерді,
Кеткенде алмас екі жарып.
Мая-мая жатты өлік,
Тілерсектен қан төгіліп...
Жігіт қылыш сермей берді.
Кенеттен бір
дұшпан жақтан
Атылған оқ
автоматтан
Көкрегіне
келіп төнді...
Асау қаны шапшып көкке,
Шақырғандай елді кекке
Жігіт құлап бара жатты.
Арттағы ерлер дәл сол кезде
Бейне долы ұсап желге
Жауға келіп араласты.
Көкірегін
тессе де оқ,
Жанары оның сөнген
жоқ,
Құшты жігіт ердің басын.
Бірақ, берік
қысып алған
Қалын жауға ойран
салған
Тастаған жоқ ақ алмасын.
Днепропетровск, 1944