ВЕРНУТЬСЯ

   Бау ішінен қарсы шықты 
Үш жасар бір сәби
маған,
Дәл өзіңнің
жанарыңдай
Екі көзі
жаудыраған.
Қаз-қаз басып,
құшақ жайып,
-        Папа!-деді
жақын келіп,
Жас бөбектің, көздерінде
Тұрды моншақ жас
іркіліп
Мен бөбекті
көтердім де,
Құшағыма қыстым
сүйіп,
Кінәсі жоқ
нәрестенің
Жас жанына
басымды иіп.
Атың кім ед, құлыншағым?
Папа! - дейді бөбек маған.
Шыр
еткеннен о да сендей
Өз әкесін көре
алмаған.
Нәрестенің қайда әкесі:
Әлде кешіп жүр ме жалын?
Әлде оның
тізесінде
Отырсың сен,
құлыншағым.
Молдавия, июнь, 1944.