ВЕРНУТЬСЯ

    Ақбоз ат жазық
бауыр, қамыс құлақ, 
Жарқырап екі
көзің бейне шырақ,
Күмбірлеп көкті
жарып кісінейсің,
Барам деп қай
сапарға жолды сұрап.
Шуу, жануар, аршында,
Тау суындай
қарқында,
Жалыңа қызыл шоқ
тағып,
Аруым қалды
артымда.
Бүгін мен баратқам жоқ тойға мініп,
Қайраулы
қанжарымды беліме іліп,
Халқымның арын
жоқтап тарттым майдан,
Жерімнен қумақшы
боп жауды түріп.
Шүу, жануар, құйында,
Сорғалай терің
құйыла,
Сөгейін жау
қамалын
Көп семсерді
суыра.
Ақбоз ат, қатер торлап әлем кегін,
Үстіңе салдым
сенің солдат ерін,
Өтіне оқ пен оттың
тартып барам,
Қорғауға қасиетті
совет жерін.
Шуу жануар, арқырап,
Тас бұлақтай сарқырап,
Ақ семсерім ойнасын
Жау үстінде жарқырап.
Кешерміз қан теңізін, сорғалар тер,
От ұшып
тұяғыңнан, дүбірлер жер.
Желкесін фашизмнің
үзбей тұрып,
Арқаңнан ақбоз
атым алмаспын ер.
Шуу, жануар, қанатым,
Кезің бір туды
ағатын,
Тезірек жеткіз
майданға,
Білек құршы
қанатын.
Салтынша елін-жұртын сүйген ердің,
Бермеген жауға
жалғыз таспа жерін,
Өңешін
жауыздықтың жармай тұрып,
Жайғасып жас
жауынгер шешпес белін.
Шуу, жануар, тірегім,
Жазылып бір
білегім,
Көк семсермен
түйрейін
Фашизмнің жүрегін.
Алматы, 1941