Шабуыл алды,
Таңға жақын.
Қолыма алып,
Дәрменімнің
Ең ақырғы
Жазған хатын
Отырдым мен:
Шомып ойға
Окобымда,
Жаздыкүні талауратқан
Қарап айға.
Қандай ыстық.
Хатың, қарғам?
«Қош, жан әке!»
Осы бір сөз
Шықты-ау жүрек
Қайнарынан.
Көрер ме едім,
Сол бір кезде,
Тұрды ма екен
Сағыныштың-жас
моншағы
моншағы
Келіп
көзге.
көзге.
Я, ұлым!
Неткен арман.
Сарғылт нүкте
Хат бетінде,
Болар ма ыстық
Жасың тамған?!
Сағындым ғой,
Жаным, Дәрмен,
Жарқын бейнең
Көз алдымда өшпес
мәңгі
мәңгі
Жүрегімнен! Тым ертерек,
Сәби кезің,
Талпындың сен
Маған қарап,
Күндей күліп қара көзің!
«Ә... Ә...» дедің,
Тоқтық тартып,
Мүмкін әлде,
«Әке!» дедің,
Мойныма қолыңды артып.
«Әке! Әке!...»
Неткен мақтан!?
Демек, демек:
Мен әкемін! Сүй ұлыңды,
Сүйсін, шаттан...
Көктем,
Суға салып «кеме»
Көрдім
сені,
сені,
Күліп тұрған
Ағынды өзен
жиегінде.
жиегінде.
Ұқсаттым мен,
Сені сонда,
Кешіп жүрген,
Океанды
Отты жүрек капитанға.
Күндей күлген,
Жарқын көзің
Аймағына
Сыйғызғандай - болды
маған
маған
Әлем жүзін.
Сүйсіндім мен,
Осы кезде, Толқыны асау
Өр кеудемде...
Шалқып кетті
Мақтаныштың толқыны
асау өр кеудемді.
асау өр кеудемді.
Күз еді ол,
Әлі есімде,
Сағат сегіз,
Алып бардым
Сені тұңғыш
Мектебіңе...
«Қош келіпсіз,
Сіздің ұл ма?» болашақ,
Жан
инженері» -деді, күліп
инженері» -деді, күліп
Мұғалима.
Шалқып
кеттім,
кеттім,
Күлдің сен де,
Мақтаныштың
Жас моншағы іркілді
де қалды, көзде...
де қалды, көзде...
Қалам ұстап,
Оң қолыңа
Тұңғыш рет
Жаздың ұлым:
«А» әріпін ақ
қағазға...
қағазға...
Бара-бара, Азаматым,
Өз бетіңмен
Әріп тізіп,
Жаздың ұлы
Адам атын.
Адам атын.
Неткен бақыт,
Неткен мерей?!
Ұлым Адам болды менің -
Жүрегімде күн күлгендей.
Кенет шұбап, ұшты
аспанға,
аспанға,
Бұл не? қызыл
ракеталар...
ракеталар...
Демек, Әмір шабуылға!
- 100 просмотров