ВЕРНУТЬСЯ

    "Серб қызы Мариям үш жылдан бері партизан!"
   (Серб жыры)
   Өзге жаннан түрің бөлек, 
Қара көзің дөп-дөңгелек,
Аясына әлем сыяр
Түпсіз шыңырау
теңіз, - дер ек.
Толқын шашың
бұйраланып,
Иығыңа жапқан
желек.
Мөлдірейді оң иекте
Көзді тартып
моншақтай мең,
Жібек ернің жаңа
ғана
Аузын ашқан
гүлменен тең.
Шырайыңнан шынайы
бір
Сүйкімділік түрін
көрем.
Уа, бүлдіршін,
жас махаббат,
Егер бейбіт болса
кезең,
Жүзіңнен еш көз
алмастан
Ұзақ-ұзақ қарар
ем мен.
Қытымыр шақ душар етті,
Балқандық жас
бауырласым,
Гитар емес,
иығыңда
Асулы тұр автоматың.
Кек жеңіске жебеп
бізді
Кездік таудың
құз-қиясын,
Тағы да әмір
шабуылға,
Алдымызда қатер
басым.
Мүмкін қайтып
көріспеспіз,
Сүйейінші,
қарындасым!
1944ж.