ВЕРНУТЬСЯ

    Тула, Балтық, тула, Балтық! 
Тула толқын жарды
қарпып,
Жау келеді, жау
келеді,
Түн қойнынан өлім
артып.
Жойып жібер жын
ойнағын,
Толқыныңмен тебе
тарпып,
Шыңырауына батыр
оны.
Тула, Балтық, тула, Балтық!
Кронштадт, Кронштадт!
Әмір берді Отан - штаб.
Көкірегіңмен қақ
дұшпанды,
Ұлы орыстың өзіне
ұқсап.
Бақытымызға қамал
бол сен,
Өр кеудеңді
жоғары ұстап.
От бер ауыр зеңбіректерге,
Кронштадт, Кронштадт!
Крейсерлер, крейсерлер!
Тізіл сапқа, бар, алға бар!
«Ей, көк көйлек матростар,
Океандарға аттаныңдар!»
Фашизмнің
кеңірдегін
Күшті қолмен
суырып ал.
Айқасқа апар
батырларды,
Крейсерлер,
крейсерлер!
Алматы, 1941