ВЕРНУТЬСЯ

       Бұл жолы
да...

үндемей қап ол тағы,

дүрліктіріп кете алмадық ортаны, -

әлі де сол,

артын бағып әліптің,

пәле болып жүре ме деп қорқады.

Тиіп кетіп жүре ме деп зияны,

жақсы ісін де,

нәпсісін де
тыяды.

Солаң етіп тұрады
әрең орнынан,

бола кетіп ұяттысы,
ұяңы.

Отбасын да ұмытпайды,

мәнсапаты,

аржаққа да, бержаққа да жақсы атты.

"Білесің ғой,

айтшы!" - деген досын да

үндемей қап,

қаншама рет қақсатты!

Өлер жерін білмейді емес ол мүлде,

көрсоқыр да дей алмайсың, көлгір де,

ол да аңсайды адал өмір сүруді,

ол да құмар
-

сен құмартқан
мөлдірге!

Достары да мойындайтын, дұшпан да,

бір кісілік ақыл да бар, ұстам да,

үндемей қап құртады
тек діңкенді,

өре тұрып,
өртке кірер тұстарда.

Ара-тұра
ақтарылып ағымнан,

қылығына қайысса да қабырғам,

ерінем бе ежіктесіп жатуға

оны мен де қуа алмадым маңымнан.

Аспаныңды тіреп
қана тұрғандай,

бір сөз айтса
қуанасың, бұлданбай,

жақсыға да, қоса
алмайсың

дағдарып,

отырғаның -

жамандауға... тіл бармай!