ВЕРНУТЬСЯ

     Сылдырап
аққан сырнайлы,

Бұлақтың
әнін тыңдап па ең,

Өзінше
о да жырлайды,

Әсем
бір сазды ырғақпен.

Айтады
ол бәрін ұқтырып,

Айтады
ол әнін тұп-тұнық.

(Ақын
да болып сөйлейді,

Жартасқа
шығып, тік тұрып).

Айтады
ол жаңбыр жауарын,

Айтады
ол жалғыз тау әнін.

Құбылысын
да айтады ол -

Алатаудағы
ауаның...

Айтады
ол тұнық түн жайлы,

Онда
жоқ бірақ мұң-қайғы.

Осынау
әнді бақалар

Таңдайын
қағып тыңдайды.

Тыңдайды
қалың орман да,

Қонады
құстар сол маңға...

Дүниеде
шіркін, не жетсін,

Бұлақтай үнің болғанға!