ВЕРНУТЬСЯ

      Мінгескен айнала
тау арқасына,

Бурабай жатыр
орман ортасында.

Бір сүңгіп
Бурабайдың толқынына,

Отырдым жағадағы
жартасына.

Аспанға
көтерілген ақ тас тура,

Секілді аңыздағы
ақбас бура.

Көбігін қайтадан
ол көлге беріп,

Қайыңға
көлеңдетіп жаппас шуда.

Жиналған
табиғаттың асылы бар,

Етегі - аппақ
қайың, басы - шынар.

Көкшенің
күмбезіндей көтеріліп,

Ойнайды жалт-жұлт етіп жасыл мұнар.

Адамдай
қарағайлар тауға өрлеген,

Көңілді жыр
көтеріп, ән кернеген.

Сұлулар көп болса да жер бетінде,

Көкшедей
кереметті жан көрмеген.

Келсе де
бауырында тыным алғым,

Күй болып
күңіреніп шуылдадың.

Бұрқанып, көл Бурабай, көбік шашып,

Жыр болып құлағымда тұрып алдың.

Сиқырлы бір сұлу саз тарап үннен,

Шайқалды көл
толқынмен, дала гүлмен.

Көргенде құмарымды бір қандырдың,

Көркіңе ғашық
едім бала күннен.