ВЕРНУТЬСЯ

Өр, Маңғыстау, өлеңсің тұнып тұрған,Өздік қалпың өзгені қызықтырған.Өрекпіген басардай кей көңілді,Өжет ердің кейпіндей биік тұлғаң.Көзім салсам  кең дала –алқабыма,Сүйсінумен қараймын тарпаңыма.Маң-маң басып аяғын нар түйелер,Мойын бұрмай барады жан-жағына.Көзім салсам Қаратау жотасына,Шаң жұқтырмас жортқанда шашасына,Тау тағысы – архарды көре қалам,Ұқсап туған мәрт мінез Даласына!Бір жағында қияның көкжал жүрер,Ортекедей орғуды о да білер.Жия қоймас айылын жылқыдан да,Айғырлар да арланның қолында өлер.Құз-қияның басына бүркіт қонар,Қызыл көрсе қанатын сілкіп қағар.Сайын дала төсінде сайыс қызса,Мізбақпайтын жартастар мүлгіп қарар.Бір қиянда жүйткітіп киік-пері,Делебесін қоздырар жүйріктердің.Жер апшысын қуырып сәйгүліктер,Іштей келіп тұрады «құйғыт» дегің.Қалай таңдай қақпассың қайран қала,Намысыңды қайрайды сайран Дала!Қатыгездеу өлкені бағындырған –Қасиетіңнен айналдым қайран Баба!

Автор: