ВЕРНУТЬСЯ

Көкжиек пен космос
Көнеріп көз алдымда дала жатыр,
Дауымен, дауылымен дара жатты.
Атаммен ала таңнан бірге оянып,
Қой жайып көкжиекке
бара жатты
Әйтеуір бара жатты,
бара жатты.
Арқалап бар тіршілік, бар азапты.
Күрсінді,
күңіренді, армандады,
Шер қатып
көкірегінде жара жатты.
«Қу дала», «құла
дала», «құба дала»
Болғандай
басқа теңеу бұдан ада.
Еш адам оны өзгеше атаған жоқ.
Батқандай түр-түсі
тек бұғанаға.
Құба түз
қойнына не тығып жатты
Кім оны көріп
жатты, ұғып жатты
Кім білген кқазекеңнің
кеудесіне
Қай сайтан, қай періште бұғып жатты
Білгем жоқ, заман көші өте берді.
Дана оған жұмбақ еді, бөтен еді.
Деген жоқ жетіп о да көкжиекке,
Езілген еңсесін
бір көтереді.
Бүгін де көз алдымда дала жатыр.
Атағы жер
- дүниені ала жатыр.
Көкжиек көсілуге тар боп қалып.
Космосқа
бой жазып ол бара жатыр.
1470