ВЕРНУТЬСЯ

Марқұм КеңшіліккеАлматыда... Иә, иә арайлаған,Өтті біздің бастан да талай заман.Аэропортта қарсы алар Кеңшілік жоқ,Кеңшіліксіз қалаға қалай барам.Қалай барам...онда сыр кім бөлісер,Бал сыраны япыр-ау, кіммен ішем?Омырауын айқара ашып тастап,Төспен-төс түйістіріп кім көрісер?Өзі үрлер зергерлік көрігін өз,Күрсіністің қылдың да елігін кез.Қайда кеттің ғайып боп, ақын досым,Ерке мінез, өр мінез, сері мінез.Даурығатын, жеңгенше таласатын,Және білер әр нәрсе парасатын.О, Кеңшілік: «Мағжаннан кейінгі ақын,Бір өзім», - дейтінің де жарасатын.Алматыда... Иә, иә, арайлаған,Өтті біздің бастан да талай заман.Жарқыл қағып қарсы алар Кеңшілік жоқ, Кеңшіліксіз қалаға қалай барам?