ВЕРНУТЬСЯ

Бір досым бар қыз- қырқынға батыл тым,Бір досым бар кені тұнған ақылдың.Бір досым бар момындау да, қайратты,Бір досым бар әлжуаз да, айбатты.Бірі күйші қандырар жан сусынды,Бәрә қиқар шымшып алар қу тілді.Бірі тұйық, оңайлықпен алынбас,Енді бірі, енді бірі қалжыңбас.Мен олардың жүректерін сан ұқтым,Демес едім олар барда жалықтым.Мен солардың бәріменен данамын,Мен солардың бәріменен алыппын.            ***Кеудемде менің,Жайнаңдар шоқ болып,Төстегі жарқылдар,Ойнаңдар ақ көбік,Ақ көбік толқындар.Атыңдар тербетіп,Гүлдерді таң нұрлар,Жатыңдар селдетіп,Селдетіп жаңбырларТіл бітіп тастарға,Орнаңдар ақ шыңдар.Фонтандар аспанға,Аспанға шапшыңдар,Алмайын жоғалтып,Көрмейін тапшылық,Гүлдеңдер адалдық,Гүлдеңдер жақсылық.                         ***Шымырлатып мөлдір сезім бұлағын,Сүрінсем де қарсы ап өмір сынағын.Жиырма төрттің өрін артқа қалдырып,Талайлардың жүрек отын жандырып,Жиырма беске шығамын.Біреулерге ұнамай,Біреулерге ұнадым.Болашаққа сенім артып тұрса күн,Енді сірә, қуа алмаспын құр сағым,Білем және білем және ағаның.«Бұздық талай асау сезім, тоғанын,Сенің әлі өз дауысты жоқ әнің».Деп келіп бір; деп келіп бір ұрсарын,Ренжітпе мені алау, нұр шағым.Жүрегіме бір сәуле құй тек менің,Бақыт гүлі- өр кеудеме еккенім.Белгісіздеу болып еді келгенің,Жиырма бесім балауса гүл, көктемім.Белгісіздеу болса және кеткенің,Онда менің көз тартпайды өрмегім,Балым емес, боп кеткенің кермегім.Өзің жайлы қалмаса есте бір қызық-Онда менің,Онда менің...Өлгенім!               ***Сағындырды, аңсатты,Самал желді, құба түн.Сағындырды аңсатты,Жайлау, сенің шұбатың.Сағындырды, аңсатты,Собалақ нан бір үзім.Сағындырды, аңсатты,Жайлау, сенің қымызың.Сағындырды, аңсатты,Сылаңдаған су сағым.Сағындырды, аңсатты,Жайлау, сенің жусаның.Менсінбестен дауласам,Балдан тәтті суатың.Жусаныңа аунасам,Арта түсер қуатым.