ВЕРНУТЬСЯ

        Киіз үйден құралған
ақ қалашық,

Жазғы жасыл
жайлауға тұр жарасып.

Адам түгіл
мәшинелер топталып,

Бәйгі аттарын
қызықтайды қарасып.

Көрікті еткен әркімді
ұлттық киімдер,

Қол өнердің
көрмесіндей үйін көр.

Көптен күтіп
көксегендей мәз-мәйрам,

Ұлы думан
осындай той, жиынды ел.

Ақын, әнші
осында жүр ғалым да,

Осында жүр бәрі
бастықтардың да.

Көппен оңай
сәлемдесіп, сырласып,

Кім де болса бір
жетісіп қалуда.

Қарттар сөзін
шежіреге арнайды,

Айтылмай ән,
шертілмей күй қалмайды.

Қолдап-қорғап,
желеп-жебеп тұрғандай,

Бейне батыр
бабалардың аруағы.

Күтіп құтты
қонағына балаған,

Үй иесі қабағыңа
қараған.

Еркін жайғас қос
жастыққа шынтақтап,

Қымыз, шұбат
сусынынды іш қалаған.

Кең дастарқан
жайнатып ас түр-түрін,

Әрі кірді сұхбат,
әзіл-күлкінің.

Көріп шат боп
қайтқандаймыз баяғы

Атам қазақ
өмірінің бір күнін.