ВЕРНУТЬСЯ

         Алашпен
мағыналас қазақ аты,

Абырой болу алаш
азаматы.

Жан қиды алаш
үшін сан кемеңгер

Арқалап игі
ісіне азап ақы.

Асқанда сол
ағалар ойлары іске,

Келімсек енбес
еді бойлап ішке.

Осынша құлдырамай
тіліміз де,

Айналар еді дін
де бойда күшке.

Амалсыз қонысы
ауып әрбір шетке,

Тентіреп тозбас
еді ел де текке.

Малы да, жаны да
аман өсер еді,

Айналып ерте
іргелі мемлекетке.

Жандандық қайта
ауызға "Алашты" алып

Алаштан КПСС
кетті аласталып.

Елдікті
нығайтуды еселейік

Жақ-жақ боп
өзді-өзіміз таласпалық.

Үш жүзге ұран
болса жарасатын,

Ағайын
ардақтайық "Алаш" атын.

Тиіссің
"Алашқа" кір келтірмеуге

Ақыл-ой болса
білім, парасатың.

14 шілде, 1992ж.