ВЕРНУТЬСЯ

         Біріккен ұлттар ұйымы,

Мәнді еді неткен
жиыны.

Елімді алды мүше
ғып

Өзгеге тең деп
иығы.

Біріккен ұлттар ұйымы,

Тоғысып таным
түйіні.

Қабылдады
бірауыздан

Халқымның қандай
сыйымы.

Дербестікке енді
жоқ күдік,

Құптап қол күллі
соқты жұрт.

Еліміз үшін тер
төксек,

Орнайды әлі-ақ
тоқшылық.

Дербестікке енді
жоқ қауіп,

Кенелдік қыруар дос
тауып.

Тап берген қатар
табанда

Жүз жетпіс бес оқ жауып.