ВЕРНУТЬСЯ

        Ұлым деп
атамекен шақырғанда,

Күлімдеп
оралмауға қақың бар ма?!

"Жігіттің
қайда қалмас жиған мүлкі",

Күйіттеп
күнкөрісті қапы қалма.

Қандасым! Сен
үшін мен аландадым,

Болашақ
ойласаңшы балаң қамын.

Ер ісі емеспе
елге үлес қосу,

Айтшы, одан
артық қандай бар арманың

Аңсаған айқара
ашық ел құшағы,

Намыстың
сыналатын келді шағы.

Өз жұрты мемлекет
боп жатқан кезде

Шетелде келмес
енді ердің сәні.

Бабаң мен ұрпақтарың
жалғасқанын

Етіңдер
қамтамасыз қандастарым.

Болсаң да шетте
сұлтан шектелесің,

Байлығың
тасығанмен жанбас бағың.

Гүліне туған
жердің жетер ме гүл,

Нәрлендір байыз
тапсын десең көңіл.

Көп көштің
тарттың талай тақсыретін

Соңғы кош басын
атамекенге бұр!

15тамыз, 1992 ж.