ВЕРНУТЬСЯ

Сырттан жау сан
қайтара шапқан қазақ,

Сан өшкен отын
қайта жаққан қазақ,

Тап болып кең
пейілі тар заманға,

Тағдырға
ән-күймен мұң шаққан қазақ.

Айтқан серт опа
күткен анттан қазақ,

Жатқа үміт
жарылқар деп артқан қазақ,

Өзді-өзі
мәмілеге келмей жүріп,

Өзгені бауырына
тартқан қазақ.

Елдікке ерте
қанат қаққан қазақ,

Сол жолда талай
азап тартқан қазақ,

Арманға өліп-талып
жеттің зорға,

Айырыла жаздап тіл
мен салттан қазақ.

Жадырап жайлауда
мал баққан қазақ,

Жігерлен, білім
алып жатқан қазақ,

Енді бар
игілігің өзіңдікі

Ойдан дән,
таудан алтын тапқан қазақ.

Шашылма жерің
тардай, топтан, қазақ,

"Ова"
мен құтыл енді "овтан" қазақ.

Болашақ қамын
ойла, тегінді біл,

Бар болған ел
емессің жоқтан қазақ.

Құтылдың тәуелді,
отар шақтан, қазақ,

Сергек бол сан
қауіптен сақтан, қазақ.

Еселеп еңбек
сіңір елің үшін,

Дербестік алдың,
міне, шаттан, қазақ!

         Сырттан жау сан
қайтара шапқан қазақ,

Сан өшкен отын
қайта жаққан қазақ,

Тап болып кең
пейілі тар заманға,

Тағдырға
ән-күймен мұң шаққан қазақ.

Айтқан серт опа
күткен анттан қазақ,

Жатқа үміт
жарылқар деп артқан қазақ,

Өзді-өзі
мәмілеге келмей жүріп,

Өзгені бауырына
тартқан қазақ.

Елдікке ерте
қанат қаққан қазақ,

Сол жолда талай
азап тартқан қазақ,

Арманға өліп-талып
жеттің зорға,

Айырыла жаздап тіл
мен салттан қазақ.

Жадырап жайлауда
мал баққан қазақ,

Жігерлен, білім
алып жатқан қазақ,

Енді бар
игілігің өзіңдікі

Ойдан дән,
таудан алтын тапқан қазақ.

Шашылма жерің
тардай, топтан, қазақ,

"Ова"
мен құтыл енді "овтан" қазақ.

Болашақ қамын
ойла, тегінді біл,

Бар болған ел
емессің жоқтан қазақ.

Құтылдың тәуелді,
отар шақтан, қазақ,

Сергек бол сан
қауіптен сақтан, қазақ.

Еселеп еңбек
сіңір елің үшін,

Дербестік алдың,
міне, шаттан, қазақ!

5 наурыз, 1992 ж.