ВЕРНУТЬСЯ

Ғасырлар жүгін
жылдар атқарып жатқанда,

Қомсынып оны
арандатуға аттанба.

Бұрынғыңды еске
ал, қанағат, сабыр, тәубе қыл,

Есіңде ұста бір
тосқан барын асқанға.

Бұрынғыға да
жүрдік қой етіп қанағат,

Көрпеге қарай
көсілейік те шамалап.

Қолымыз ертең
жететінді алам деп бүгін,

Құры қол құзға
жүрмейік шыңнан домалап.

Әрненің бар ғой
өзінің мезгіл-уақты,

Көктемде күтіп
жүрмейік жазғы шуақты.

         Ғасырлар жүгін
жылдар атқарып жатқанда,

Қомсынып оны
арандатуға аттанба.

Бұрынғыңды еске
ал, қанағат, сабыр, тәубе қыл,

Есіңде ұста бір
тосқан барын асқанға.

Бұрынғыға да
жүрдік қой етіп қанағат,

Көрпеге қарай
көсілейік те шамалап.

Қолымыз ертең
жететінді алам деп бүгін,

Құры қол құзға
жүрмейік шыңнан домалап.

Әрненің бар ғой
өзінің мезгіл-уақты,

Көктемде күтіп
жүрмейік жазғы шуақты.

Армандап, аңсап
жететін жеңіс ертеңің

Бүгіннің ісін
тындыруыңменен қуатты.

Асығыстықтан,
тасығыштықтан сақтасын,

Жыл етем деме
айға тең заман аптасын.

Атының басын
жібергендерге үлгеріп,

Атыңды әлі
ерттемей жатып тақпа сын.

 6 сәуір, 1992 ж.