ВЕРНУТЬСЯ

          Өміріңе қожа
кім,

Өзің бе, әлде
тағдыр ма?

Ойландың ба о
жағын,

Не күтіп тұр
алдыңда?

Өміріңе қожа
кім,

Өзің бе әлде
билік пе?

Қалай болса
заманың

Бөрікті солай
кидік пе?

Өміріңе қожа
кім,

Өзің бе әлде жұлдыз
ба?

Тосып соның
тозаңын

Толғана алмай тұрмыз
ба?

Өміріңе қожа
кім,

Өзің бе әлде
діндер ме?

Ойландың ба со
жағын,

Не болып жатыр іргеңде?!