ВЕРНУТЬСЯ

          Жүрек жарлығы

Ұлы Абай бастап,

Шәкәрім қостап,

Ахаңдар алға
жалғаған,

"Сегіз
аяқпен"

Жылжиын баппен,

Жолында жүк
қалмаған.

Ұлылар рухы
қолдасын,

Солардан алдым
жол басын.

Кемеңгер Абай

Келтірген қалай?

Өлең - сөздің
патшасын.

Өтсе де ғасыр,

Жайнауда асыл,

Дәлелдеп тот
баспасын.

Шалдырмай шаңын
ешкімге

Келеді ол әлі ат
үстінде.  

Абайды қайта

Оқып бір байқа,

Білгенінді әрі
еселе,

Оқи түс неше

Оқысаң кеше

Керегінді аядың
кешеге.

Олжалымын де
бүгін сен,

Абайға қайта
жүгінсең.

"Егіннің
ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап,
мал ізде",-

Депті ғой Абай,

Болжаған қалай?!

Сүйенейік сол
негізге.

Бүгінгі үнем
нарықты

Со кезде-ақ көзі
шалыпты.

Әр нәрсе қымбат

Болып тұр тым
қат,

Не болса да
көнеміз.

Тәуелсіздігің

Қолыңда бүгін,

Жолында жан да
береміз.

Ауыртпалық тек
уақытша,

Оңай ма жету
бақытқа

Ер болсаң егер

Елге бер жігер,

Сарыуайымға өзің
салынба.

Болсаң шын ақын

Елді ойлау
хақың,

Еркінсің қане
арында,

Бар болса Абай
не айтарын

Құлшына айтып
байқағын.

Ел болдық дербес

Бұған тең келмес

Бақыттың басқа
барлығы.

Қорғап сол елді,

Көркейту енді

Әр жүректің
жарлығы.

ЬІнтымақтасып
бірлікпен

Басқан іздерге
гүл біткен.

Төзе алсаң сынға

Шығасың шыңға,

Алдымен өрле
жотаға,

Өкпелеп бірге

Көпке кеп кірме,

От алып түспе
қопаға.

Бітсін деп бүгін
ертеңгі іс,

Арандатар тым
белсенгіш.

Кешеден қалған

Күтіп тұр
шаруаң,

Бүгінгі міндет
тағы бар.

Ауырлап соны

Қайнаған соры,

Өткенді кей жан
сағынар.

Құлдықтың айтып
азанын,

Қайнатпа қастық
қазанын

Шашылып кеткен

Ел келіп шеттен,

ұрпаққа ұрпақ
қосылса,

Алғысын айтып,

Еліне қайтып,

Кірмелер кері
жосылса,

Келген де ұтар,
кеткен де,

Атамекенге
жеткен не?!

Жеріміз дархан,

Шығар не салсаң.

Алтын да, мұнай,
газ да бар.

Жаныңа қоныс,

Малыңа өріс,

Түзеуге тұрмыс
аз ба олар?

Бұл жерде болған
бабаң бай,

Қалмассың сен
жан баға алмай.

Көз тіккен дос
көп,

"Ісіңе
қос" деп,

"Өсімге
көмек берем" деп,

"Келіпсіз
хош" деп,

"Жеріміз
бос" деп,

"Бастасаң
қайда ерем" деп,

Көнбелік оңай,
екшелік,

Жалшы боп жатқа
кетпелік.

Қажетті елге

Зат өндір сен
де,

Бар болса көрсет
өнерің,

Бағасын халық

Береді, таныт

Қолыңнан не
келерін.

Асырап келдік
өзге елді,

Өз елін бағу сөз
бе енді.

Алып бір айлық

Қант пен шайлық,

Жүр ме өмір
босқа өткізіп,

Кең үйге кіріп,

Мәшине мініп,

Сен де көр рахат
көп қызық.

Ұйтқысы өзің бәрінің,

Босатпа баю
арынын.

Бай болса әр үй,

Көп болса сәби,

Көркейер дербес
еліміз.

Жеке меншікпен

Табысқа күткен

Жетеміз толып
кеміміз,

Асығыстықтан
сақтасын,

Тартпайық әсте ат басын.