ВЕРНУТЬСЯ

         Қырандай даусың
саңқылдап,

Көзіңнің оты
жарқылдап,

Жырларың жайдай
жалтылдап,

Ақынның болып
ерені,

Тұрғанда
теледидарға

Шақырмады деп
қиналма,

Жетпеген атақ,
сыйларға

Жастың жоқ оған
керегі.

Көзіңнің алды
іріңдеп,

Тұра алмай тізең
дірілдеп,

Көрінер жұртқа
түрің жоқ

Кезде іздеп өзі
келеді.

Қырылдап даусың ентігіп,

Тісіңнен түскен
жел шығып,

Желікпес кезде
желпініп,

Шағы деп нағыз
сенеді.

Бұйра шаш сиреп
қуарып,

Солғанда жағың
суалып,

Таптық деп
талант қуанып,

Кездесу жасап
береді.

1 тамыз, 1992 ж.