ВЕРНУТЬСЯ

       Ерлігін Бөлектің
ел сүйген ерек,

Бөлекке тігілді
ауыл үй де бөлек.

Ас беріп
айналдырып соңын тойға,

Жатырмыз
Қарқараны ән-күйге бөлеп.

Әкесі рулы елге ұран
Сатай,

Рулы ел ұлы іс
бастар атын атай.

Батырлық тұқым
қуған баба мұра,

Сан ғасыр ата
жауға салған атой.

Астында бәсіре
аты шабдар жорға,

Бес қару белге
байлап, алған қолға.

Кескестеп алдын
бөгеп шыққан жаудың

Денесі қақ
бөлініп қалған жолда.

Шабуыл,
жекпе-жекте тез де, сергек,

Қолданар
тәсілдері өзгеше көп.

Жабысып шапқан
аттың бауырына,

Көрсе бар ат
үстінде, көздесе жоқ.

Бөлектей бөлек
туған батыр қайда,

Күш-қуат бірдей
біткен ақыл, айла.

Босаңси қалса кейде
алды-артты ойлап,

"Сергі!"
деп сес көрсеткен Абылайға.