ВЕРНУТЬСЯ

          Орнай салып
дербестік,

Деме бізге
бермес түк.

Ондай кері
кетірер

Болашаққа
сенбестік.

Оны сәби күйінде

Айырбастама киімге.

Керек оған
қамқорлық

Ержеткенше
үйіңде.

Екен деп ол жас
бала

Асқа да
айырбастама.

Айырам деп
жүрген көп,

Бақылаусыз
тастама.

Бере салып
мансапқа,

Бармақ тістеп,
сан соқпа.

Керек бізге
дербестік

Аш-жалаңаш
қалсақ та.

Ол әлі-ақ ер
жетеді,

Еліне еңбек етеді.

Бақ, байлыққа
кенелер

Оның өскен
мекені.

Келмес іс жоқ
қолынан,

Қамтыр бәрін
молынан.

Өміріміз
өркендер

Сауық-сайран
болып ән.

Дербестікке ол
үшін

Бергенің аз қол ұшын,

Игі ісіңмен
жасампаз

Құтты ете біл
қонысын.

Қожа болар мұны ұққан,

Термес сылтау сынықтан.

Мінез таныт
мырзалық,

Құтыл құлдық құлықтан?!