ВЕРНУТЬСЯ

           Өз тіліңсіз көрсең
де өз күніңді,

Өз тіліңсіз
болсаң да асқан білімді,

Өз халқыңның
бола алмайсың перзенті

Білмей тұрып
туған ана тіліңді.

Әлдеқалай
жоғалтса ана баласын,

Бала іздеп
таппай ма өз анасын.

Өгей шеше
секілді өзге тіл де өгей,

Өз тіліңмен тап
ертерек жарасым.

Сенде айып жоқ,
тілің де емес кінәлі,

Көз жетті оған
ешкімнің жоқ күмәні.

Үйренбесең, өз
тіліңді білмесең

Жазықсыз-ақ
жазғырып ел тұрады.

Көрінесің көзге
шыққан сүйелдей,

Сұрақтар да
шаншу болып тиер кей.

Құтылмайсың
барлық тілді білсең де

Өз тіліңнің көмегіне
сүйенбей.

Қаның, жаның,
қазақы ұлттық түрің бар,

Сенен үлгі алар
қыз бен ұлың бар.

Азаматы болдың
азат халықтың

Тәуелсіз ел,
мәртебелі тілің бар.

Адамбыз ғой тіл
бітірер тасқа да,

Тіліңді үйрен, өзінді-өзің
басқара.

Өзге ұлттың өкілінің
қазақша

Сөзін ұқпай
қалып, болма масқара!

3 қаңтар, 1993 ж.