ВЕРНУТЬСЯ

          Күн санап нарық
қысқан тапшы жылда,

Туысқа жазған
хат бар қапшығында,

Жүр әйел не
алсам деп аз ақшаға

Қалташы, соны да
сен қақшыдың, ә?!

Хатында:
"Жоқшылыққа шара бар ма

Қол созбақ түгіл
таңдап қалағанға,

Халіміз келмей
жүр, - деп жазып еді,-

Алма алып беруге
де балаларға..."

Жоқшылық шығып
әбден желкесіне

Күрт түсе
бастағанда еңсесі де,

Бір жәшік сәлемдеме
ойда жоқта

Таңдантып келіп
тұрды ертесіне.

Ойында үміт,
күдік араласып,

Жәшікті апыл-ғұпыл
қарады ашып,

Көзіне өз
қапшығы басылды оттай,

Қапшықты ақтарды
тез асып-сасып.

Хаты тұр туысына
жағдай айтқан

Тиісті мекеніне
бармай қайтқан.

Сол екен себепші
осы оқиғаға

Озгеге дерек
берген барлық жайттан.

Жүз сомның мың
сом жатыр орынында,

Көп болған
салмағалы оны мұнда.

Жәшікте үш
қадақтай алма жатыр

Білмей тұр мұны
неге жорырын да.

Сабақтан келе
салып балалары,

Дегенге кімнен,
қайдан қарамады.

Алмаға көре сала
салды қолды

Бір күліп, бір
жылап тұр аналары.

Ойлаған алдан гөрі
баяғысын,

Барма елге демеу
болар аян ісің.

Халқымның
титықтаған мүшкіл халі

Тудырды-ау ұрының
да аянышын.