ВЕРНУТЬСЯ

         Ақ үйде атамекен
асқар тауда,

Үш қазақ бас
қосты бір дастарқанда.

Ұғатын
айтқандарын аудармадан

Отырды ұл мен
қызы - жастар сонда.

Үш елде үшеуінің
қоныстары,

Үш елге ұлт
болғандай болысқалы.

Үлкені алдыменен
сөз бастады,

Сөзіне еркін
қосып орысшаны.

Інісі танытардай
тіл шеберін,

Мазақтап
ағасының күлсе "өнерін",

Міне, енді өзі
сөзге араласты

Қытайдың қосып
"жуши"*, "гүңшелерін"**.

Үндемей үшіншісі
тыңдап отыр,

Өзгені, өзін де
іштей сындап отыр.

"Қазақтың
тілін қайдан игерем?" - деп,

Жер шұқып, қос
жанарын дымдап отыр.

Ол бәлкім
Монғолия, Түркиядан,

Бауыр ғой жеткен
сондай бір қиядан.

Келді іздеп қарашаңырақ
үлкен үйді,

Соны ілер нені
көріп тұрса ұядан.

Болсақ та
ғарышқа ұшып, айға қонбақ,

Мақсатсыз ірі
ісіміз майда болмақ.

Ту тіккен дербес
мемлекетте болмай

Қазақтың таза
тілі қайда болмақ?!

21 сәуір, 1992 ж.