ВЕРНУТЬСЯ

         Тойға той ұласқанда,

Қазақ бас құрасқанда,

Даңқын бар
батырлардың

Шығардық бір
аспанға.

Аталмай текке
кеше

Уақытқа кеткен
есе,

Дербестік
айғағындай

Өтелсін
әлденеше.

Бір күндік думан
құры

Болмасын той дүбірі.

Қазақтың тау мен
дала

Жаңғырсын ой мен
қыры.

Бізде де батыр,
дана

Болғанын білсін
бала.

Орнығып үміт,
сенім

Оянсын ұлттық сана.

Ұлассын
тойлар тойға,

Күш-жігер беріп
бойға.

Қорғалсын той
тойлатқан

Еркіндік болып
ойда.