ВЕРНУТЬСЯ

         Өз сорын біреу
жерімнің

Кеңдігінен де көреді.

Қонақжай, дархан
елімнің

Елдігінен де көреді.

Секілді жатқан
шалқып түз

Пейілінен де көреді.

Достарына деген
қалтқысыз

Мейірінен де көреді.

Мүсіркей білер
жаны ашып,

Адалдығынан да көреді.

Жомартығынан да
қолы ашық,

Адамдығынан да көреді.

Сабырын да ердің
дейді мін,

Құптама әсте сен
оны.

Арқасында кең
пейілінің

Қазағым жасай
береді.

1 қаңтар, 1993 ж.