ВЕРНУТЬСЯ

А. Солженицынға Сайран салған аспаны тұр тарылып,Қолдан кеткен қуатына қамығып,Тұғырында зәр төгеді шаңқылдапАтышулы екі басты самұрық. Жиып бойға ашу-ыза, қаһарды,Билесем деп қайта жарты жаһанды,Сес көрсетіп, айға айбат шегедіКүнін аңсап қан қақсатқан нашарды. Үстемдіктің уы улап санасын,Қызғанады көк бөрінің даласын,Алынбас шың енді оған өр КавказЖалғап жатқан екі дүние арасын. ...Ей, шау тартқан екі басты самұрық,Неге сонша шаңқылдайсың жанығып?Өткен күнің енді қайта оралмас,Бұл дүниеде басқаның да барын ұқ!                             Тамыз. 1991