ВЕРНУТЬСЯ

Оразмағанбет Тұрмағанбетұлына Мың тарам жол,Мың қыстау,Әулиелі Маңғыстау,Ақпарыңды барлап ем,Көкіректі мұң құшты-ау!Зұлмат келіп сайтаның,Құтырынған айтақ үн,Тентіреген текті ұлдар,Қара киген байтағым.Тәнті қылған нешеніОразмағанбет өткен көшелі.Тұнжырағанға түнекте олШұғыласын шашқан деседі.Ақылын түпсіз телегейЖүріпті көпке себелей,Білім мұхитын кешіптіКөк сеңді бұзған кемедей.Дерттің де түрін емдеген,“Бұл аймақ – мұнай, кен” деген,Сұм жалған, сені қайтейінСол ерге опа бермеген?Жігерін бұғау жеңбеген,Жарық жұлдыздай сөнбеген.Оразекемдей болар хас батырӨлтірсе дағы өлмеген!...Ей, Маңғыстау, маңғазым,Мұң-зарыңды қозғадың,Талапайға сан түскенАруанам-ай, боздадың.Ерің елдің есінде,Елің заман көшінде,Абайлашы, жазғаным,Тағы ұрпағың өсудеЕй, Маңғыстау, маңғазым...