ВЕРНУТЬСЯ

    Аса сүйікті Федор Демьянович!
   Өзіңізге
жүктелген оқу істерін өте тиімді түрде, ойдағыдай жүргізіп жатқаныңызға тағы да
алғыс айтамын. Ал мен өз тарапымнан Сіздің еңбегіңізге сай дәрежеңізді көтеруге, мүмкін болғанынша, тырысатыныма әбден сеніңіз.
Менің бұл хатты жазып отырғаным - мен бұл жерлердің даласынан «кермек» деген шөп іздеп жүргенім өзіңізге мәлім; ал ондай шөп бұл жақтан табылмағандықтан, мен енді сол сыяқты тері илейтін, бояу
болатын басқа шөптерді жыйнап
жатырмын. Ал Сізден өтінетінім: Ырғыз дүкендерінен «ермене» деген шөпті сатып алыңыз; бұл Түркістан өлкесінен әкелінеді, өзі бояу болады. «Кермекті» алдыру
туралы Алекең судьяға жазыңыз,
оған бұл жөнінде мен өзім де
айтқанмын.
Бұдан басқа тағы бір өтінішім - мұндағы уезд начальнигінің бас
көмекшісі П. Л. Федоров Сізге қатты
өтініш етіп, уездік
дәрігерден шешек егетін дәрі алып, оны шынымен,
немесе дәрігердің ұйғаруы бойынша, басқа ыдыспен,
біреумен беріп жіберуіңізді
өтініп отыр; бұл дәріні әкелетін кісі
оны төс қалтасына ғана салып, сақтап әкелсін. Бұл үшін қанша ақша жіберу керек
болатынын хат арқылы Федоров мырзаның өзіне жазарсыз. Бұл жерде шешек егілмейді; ал мен оған Ырғызда
шешек егу жұмысы жақсы жүріп жатыр
деген едім. Осы жылы
дәрі-дәрмек алып қоюды ұмытып кетіп жүрмеңіз.
Алимкуловтың оқуды қашан бастайтынын және оның жұмысы
калай жүріп жатқанын хабарлаңыз.
«Ерменені» екі қадақтай алып жіберіңіз. Оның ашасын
жолықкан кезде төлермін. Шешек дәрісі Ырғыздан табылмай қалған күнде де ол жайында
Федоровқа хабар етерсіз.
Осымен бірге Орскіге беретін телеграмманы да жіберіп отырмын, алған бойыңызда
жіберерсіз; жауабын почтальон Матвеев аркылы осы почтамен қайыра көріңіз. Жаңа
ғана губернатор келе жатыр деген хабар естідім. Ұятты болып қалмауға тырысыңыз.
Әйеліңізге
менен жалынды сәлем айтыңыз.
Өзіңіздің И.
АЛТЫНСАРИНЫҢЫЗ.
1886 жыл, 9 октябрь.
Қостанай.