ВЕРНУТЬСЯ

       Heгe 
ғана, ағатай, осындайсың?

Жақсыға да, жаманға қосылмайсың,

Жантықтардың тәлімі өтіп кеткен,

жан біткеннің кәнігі
досындайсың.

Қысыла да қоймайсың мынау елден,

жалықпайсың баяғы бір әуеннен.

Ақпанда да, аязды шақтарда да,

қабағыңа күні жоқ қырау енген.

Дүбірі жоқ арбадай жолды аяған,

сол бір әуен әлі де, сол баяғы ән.

... Үнсіз қала
беремін мен де кейде,

бар еді деп айта алмай соңдай ағам.

Ойламай өлеңінің дәмділігін,

Сөзінің мәнділігін, мәңгілігін,

Тұратын
ақындар бар алғысы кеп,

Қамтып-ақ калғысы кеп барды бүгін.

Жақсыға жағынуды иманы етіп,

Жүргені атақ іздеп, сый дәметіп,

... жазғаны

шала-жансар балапандай

жел соқса  құлай кетер қираң етіп.

Сый керіп, сыйлық алып, орден алып,

орнығар ақыры өзі төрге барып.

... Жаныңа бататыны -

жазғандары

желге ұшып
жататыны,

жерде қалып.

31 наурыз.
2006