ВЕРНУТЬСЯ

      Күшік
асырап ит еттім,

     Ол балтырымды қанатты.

    Абай

    Болсаң да қанша тілді, қанша ақылды,

аз емес бағатындар әр сәтінді.

Бір күшік асырап ем мен де кеше,

ит болып, ол да өзіме қарсы атылды.

Ішінде ұяластың
кішірегі,

әлсіздеу,

әрең өскен күшік еді.

Әйтеуір, арғы тегі ит демесең,

бәрін де айтқаныңның түсінеді.

Итініп,

ит болған соң ұрыс
тілеп,

жүргені төңірегін тіміскілеп.

Құрық та
бойламайтын қулығына, -

ешкім де ойламайтын жымысқы деп.

Ит-неме-ай, айналасын біліп-танып,

андып-ақ аңысымды жүріпті анық, -

қояды ауық-ауық зәремді алып,

оқыста өкпе
тұстан үріп қалып.

Желге ұшып ақниетің
барша тұнық,

жатқан соң ар сатылып, жар сатылып,

өсірген өзің қолдан күшігің де

өзіңе қояды екен қарсы атылып!...

28 наурыз, 2006 жыл