ВЕРНУТЬСЯ

            Бас сұғып біреу жүрегімдегі қақпама,

сыдырта қарап сақтана,

ұқсамаған соң мақтаға,

үқсатар қара тақтаға.

«Өлеңнен болып үлесі,

өмірім кауып дәмесі,

кетіпті суға кемесі,

несі бар дейсің бересі?» -

деп біреу долбар айтады,

қарағандай боп қайтады,

қаңырап қалған шахтаға.

Мың жырлап мұңлық-зарлықты,

шанағым, мүмкін, қарлықты?

тағдырдан көріп тарлықты

шабытым, бәлкім, шалдықты?

ойымда орман орам бар,

жанымда жартас жарам бар,

тұңғиық түпсіз тобам бар,

оны да келіп тонаңдар,

қазынамды алып,

қойныма

көмгісі келген жарандар,

ядролық қалдықты!