ВЕРНУТЬСЯ

       Қан жауса да қамықпас
досым Қадыр,

Мені сенен айырар кандай тағдыр!

Өзгеге жоқ болса да, бір сен үшін

Сыбағаңдай сақтаулы бар шығар жыр.

О, дариға, шіркін-ай, осындайда

Өлең деген өзенше жосылмай ма!

Өлең шіркін өзенше жосылар ед,

Ой арнасын ағытар досым қайда?

Әрі жақын, әрі алыс досым менің,

Әлде өңім, әлде түс осым менің?

Мынау Манжүр үстінен қолым созып,

Атыңды атап шақырсам - естімедің!

Қанша созсам, жетпейді-ау, қолым қысқа,

Тек телміріп қараймын күн батысқа.

Жаяу қалған жетімдей қорланамын,

Көзім түссе көкте ұшқан еркін құсқа.

Сағынғаннан айтқан бұл жан назы ғой,

Әуезі ғой көңілімнің, бір сазы ғой.

Tap кеудеңнен талып бір күй шықпай ма,

Ұйытқып-ұйытқып соққанда мазасыз ой.

Сонша нәзік жан емен қыз мінезді,

Жаспен шылап көргем жоқ екі көзді.

Қара жартас қайғы үстен құласа да,

Қашан мені сұлатты,
қашан езді?

Көңілім менің тік өскен бейне шынар,

Мүмкін, кейбір жапырағым солған шығар.

Қара қүйын дауыл боп қайғы соқса,

Шынар көңілім қайыспас, қарсы тұрар.

Қан қызыл ту көтеріп атады таң,

Жұлмаланып,
жем болып жатыр жаһан.

Сел боп басып барады дүниені

Жазықсыз жас жүректен ағылған қан...

Сергелденге caп
койған соғыс мынау,

Қояр емес қаныңа құныкқан жау.

От ішіңде жүрсең де арпалысып,

Көз үйреніп кеткен соң, күлесің-ау.

Мен де солай, досым-ау, осы күнде,

Нәзік сезім жоғалды ой түбінде.

Неткен ғажап: сәбидей едік қой біз

Еркелеген бақыттың бесігінде.

Әлде өлімнің желігі, әлде қайрат,

Өрт шығарар оттай боп жүрмін жайнап.

Зұлымдықтың
түнегін қуғандаймын,

Алты құлаш
аспанда нажағайды ап.

Уа, достарым, ойыңда болса қайрат,

Кек қанжарын алыңдар қайрап-қайрап.

Арманың не, төрінде қан майданның

Туған елдің туындай шықсаң жайнап!