ВЕРНУТЬСЯ

Еңкейiп жерге жете алмай,Сүңгi мұз ықта қалғитын.Ақ қыстан аттап өте алмай,Қоянның iзi қарғитын. Ақша қар бейне ақ өлең,Сәулесi қыстың күлетiн.Ақ боран аршын даламен,Шылбырын сүйреп жүретiн. Ал биыл қар жоқ,О несi?Қара суықпен шулар күн.Мұз болып сынған денесi,Аштықтан өлген сулардың. Қар жаумай қойды Үстiртке,Сүр қыстың қырым етi жоқ.Бұлттары қашты түстiкке,Жерге қарайтын бетi жоқ. Бұлттарға кiнә арттым-ау,Өзiм ше?Өзiм қандаймын?Күндiз де түнi шапқылау,Шаттықтан қашқан жандаймын. Қу құлқын мынау - тас iшкiр,Менi де көмдi нөпiр боп.Базарда жүрмiн - шатыс тiл,Өлеңге қарар бетiм жоқ.        * * *Мұнай дала,кiмге кiнә артасың?ұзын, ұзын тұрбалар боп жортасың.Бiздiң құлқын тояр емес сонда да,Ақтарамыз қара жердiң қалтасын. Маяктар түр көк теңiзден жоқ қарап,Түйелер жүр су көрмеген апталап.Бас изейдi мұнай iшкiш түрбалар,Күлкiлерiн көк темiрмен қаптап ап. Жерге еңкейген бабаларым болатын,Тақырды да орман жасап алатын.Өзiн-өзi төгiп шашқан қара май -топыраққа жұғып қалған қара түн.Шөл болса да,Сор болса да сүйедi ел,Түмса шағың ел түсiне жиi енер.- Қара жердiң қара майын iшетiн,бiз емес, - деп ақталады түйелер. Мен де ақталам құшып тұрп төскейiн,Вагондар тұр аттанатын көштейiн.Жер-ананы еметiн бiз – баласы,Өмiр сүру амалым сол,не iстейiн!                     * * *Нәр iздеп кеудедегi жан отауға,Жаз-жапырақ ұшады қапаланып.Қара түстен шаршаған Қаратау да,Ақ қыраумен алғандай опаланып. Шығыршықтықауғаға байлап ана,Шыңыраудан су тартар күн, аңсаттың.Желмен ұшып жөнелдi айдалаға,Сай-салаға тығылған ұялшақ құм. Кеттi бәрi.Ақ бұлақ күлушi едi.Алма бақ саудагермен келiсе алмай,Қырқада қызыл гүлдер жүрушi едi,Олар да атақ-даңқты бөлiсе алмай. Ай, ақпан!Сен де өтерсiң – дiнi мықты,Көк мұз жатар ыстығы көтерiлiп.Ақ қардан аршып алып жылылықты,қолына ақ гүл ұстап жетер үмiт. Сары күз жапырақтан құралатын,Жәй сөз боп қалар көңiл сандығында.Көктем жайлы жыр оқып тұрар ақын,Газеттiң сөйлем-сөйлем айдынында.   * * *Жаңбыр!Жаңбыр!Жуық түн.Түседi ертең боз қырау.Сабағында суықтың,Пiспей қалған жаз мынау. Сарыатаннан түсе алмай,Тау басында күзiң тұр.Жазды сарқып iше алмай,Жүзi сынық жүзiм тұр. Мұзды бастым.Күрмелдiм.қардың түсiн саялап.Iшi кеуек күндердiң,Сыртын сырмен бояп ап.Киiп алып арайды,Көңiлге нұр құялық.Жалаңаш тау қарайды,киiм киюге ұялып. Шаршау ойды iшем кеп,жауап жазып тағдырға.Қандай көйлек пiшем деп,мүсiнi жоқ жаңбырға. Қиялда да мүсiн жоқ,Соған мұңым шертемiн.Сыртым - бүтiн,Iшiмде - от!Кемiредi келте күн.          * * *Есік алды сары ала күз,Маңдайында – суық тер.Көлге айналып қамамаңыз,тамшылаған күдіктер.  Түз жаңбыры басыла қап,Қайта төкті-ау үдетіп.Бір топ торғай шашыла қап,Ұшты қайта дүр етіп. Тау да бұлттан бұға қалып,Аласарып көрінді.Қурай кетті жылап алып,Апыл-ғұпыл жел келді. Өтпелі жел бүгін қырдан,толқи соқты өзендей –өтіп болмай ығыр қылған,мына өтпелі кезеңдей.