ВЕРНУТЬСЯ

    Бір мың тоғыз жүз елу төртінші жылдың декабрь айы. Москва қаласында СССР жазушыларының Екінші съезі жүріп жатқан кез. Бір күні Ғабит Мүсірепов ұсыныс жасады.
— Бүгін кешке қол бостау екен. Демалыс паркіндегі Пекин ресторанына барып тамақтанайық, іреті келсе бильярд ойнармыз.
  Сөйтіп, біз Шәкен Айманов, Ғабит Мүсірепов үшеуміз Максим Горький паркіне тарттық. Ресторан асты аласа болса да айналасы ат шаптьцрым кең зал. Он бес шақты бильярд столы қойылған. Қарақұра жан. Ойнап жүрген Пекин рестораны ол кезде Горький атындағы демалыс паркінде болатын.
Келгендер өз алдына, қызығына қарап, өз ойыншыларына іш тартатындар тіпті көп. Әсіресе шеткеріректегі үлкендеу столдың басы ығы-жығы. Ойнап жүргендер — әлде бір теміржолшы жігіт пен жасы жетпістер шамасында болса да шынардай сындарлы денесін тік үстайтын, шашы мен мұрты аппақ келген бір сүйкімді шал.
— Бір мың тоғыз жүз он тертінші жылы бильярд ойынынан европалық жарыста бірінші орын алған атақты бильярдшы Бэйлис, қазір осы ресторандағы бильярд столдарының маркері, — деді біреу бізге ақ шашты шалды нұсқап. — Өзара бес жүз сомнан салып ойнап жүр.
— Тең ойнап жүр ме? Әлде ана теміржолшы жігіт фора бере ме?
Сұрағымыз сондай ерсі болды білемін, әлгі адам шықылықтай күлді:
— Фораны Бэйлиске бере ме? Бэйлис теміржолшыдан фора ала ма? Фора алатын болса, Бэйлис онда Бэйлис болатын ба еді?! Қайта фораны анаған өзі беріп жүрген жоқ па?!
— Қанша береді? — деп сұрадық біз енді Бэйлистің кім екенін біле бермейтінімізді жасыра алмай.
— Столдан жеті, ал өз жанынан жиырма бес ұпай.
— Небәрі жетпіс бір ұпайдың жартысын беретін болғаны ма сонда? Қой, бекер шығар?
— Нанбасаңыздар, қараңыздар өздерің...
  Иін тіресіп тұрған жұрт арасынан сыналап саңлау тауып, біз де ойынға көз салдық.
  Шалдың қолында жіңішкелеу келген қара ала таяқ. Тарсылдатып ұрмайды екен, асықпай көздеп тырс еткізеді. Заказы барып солбаң етіп дорбаға түседі де, сақасы жасырынбақ ойнаған балаша басқа бір шардың тасасына жасырынады. Не болмаса, бортқа барып жабыса қалады. Ана теміржолшы да осал секілді емес. Біздің көзімізше шалды қатарынан екі рет ұтты. Селкеу шыққан шарды қағып түседі. Қоршалап тұрған жұрт арасында гуіл көбейді. Себебі, аздап болса да көзінің бұлдыры бар Бэйлис сақасын басқа шарлармен шатастырып ала береді екен. Шатастырған сайын бес ұпай штраф. Сөйте-сөйте теміржолшы алатын, фора қырық-қырық бес ұпайға жетеді. Арғы жағында бір-екі таяқты шар салса, бітіп жатыр.
  Бэйлис табиғатында аса сыпайы жан болса керек. Теміржолшының қолын қысып, рахметін айтып, енді ойнамайтынын білдірді. Осы жерде араларына біздің Шәкең киліксін:
— Өзің ие қылған ұсақ адамсың... Алдап-сулап, ухит-сухиттап шалдың ақшасын ұтып ала бергенше, бильярдты қалай ойнаудың әдісін үйренбейсің бе, одан?
  Теміржолшы шамдана жауап берді:
— Сенің қандай шаруаң бар. Керек болса, өзің ойна да ұтыл онда, жаның ашыса.
  Осы жерде Ғабит бір қызық ұсыныс жасады:
— Біз үшеуміз Бэйлис үшін бес жүз сомнан мың жарым сом саламыз. Ойнайсыздар. Сізге қойылатын жалғыз талап — алып жүрген фюраңды ала бер. Бірақ сақа үшін штраф сұрамайсың — деді теміржолшыға.
  Содан кейін Бэлиске бұрылды: қорықпай ойнаңыз. Ұтылып қалсаңыз, мың жарым сомның сұрауы жоқ. Зәуде ұта қалсаңыз, ақшамызды қайтарып бересіз.
  Бәтуа-бітім осы болды. Біз тамақ ішуге кеттік те, олар ойынға кірісті.
Қытайдың өзімізге таңсық тамақтарынан заказ беріп енді ала бергенімізде жымия күліп Бэйлис келді.
— Бірінші партияны ұттым...
— Екіншісін де, үшінші-төртіншісін де ұтасыз, — деді Шәкен.
— Айтқанымыз айтқан, ұтылып қалсам, ақшаларын қайтара алмаймын-ау деп қиналмай ойнаңыз, — деп дем беріп жатыр Ғабит ағамыз.
  Бэйлис он-он бес минут бізбен бірге отырып, елу грамдай коньяк ішті. Кімдер екенімізді білді. Содан кейін еркін басып қайта кетті.
  Арада қанша уақыт өтті, есімде жоқ, әйтеуір, асықпай отырып тамағымызды ішіп, бильярд залына кірсек, Бэйлис қатарынан бесінші партияны ұтып жатыр екен.
  Теміржолшының ұнжырғасы манағыдай емес түсіп кеткені соншалық, алтыншы партиядан бас тартты. Бэйлис жымия күліп ақшамызды қайтарып берді де:
— Мен жетпістен асқан адаммын. Жасыңыз менен көп кіші екен. Түбінде мына қара-ала кийімді Сізге өсиет етемін, — деді Ғабит Мүсреповке қарап.
— Рахмет... пейіліңізге. Бірақ жасай беріңіз әлі де. Және ана теміржолшы секілділеірмен ойнай қалсаңыз, мына біз ұсынған шарттан айнымаңыз, — деді Ғабит.
— Мұндай шарт қоюдың дұрыс екенін енді білдім, — деді ол жымия күліп қоштасарда.
  Бэйлис бертінірек келіп жетпісінші жылдарда қайтыс болды. Әрі өмірінің соңғы жылдарын СССР Жазушылар одағындағы бильярд залында маркерлікпен өткізген-ді. Сөйтсе де Мүсреповке өсиет етілген қара ала кийдің қайда кеткенін Ғабиттің өзі де, басқаларымыз да білмейміз.
  Біз көрген Бэйлис шалдардың ішіндегі сырбазы еді...